❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» КОНЦЕПЦИЯСЫ АЯСЫНДА ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ІС-ШАРА ӨТТІ

  • 11.11.2025
  • KZ
  • 30

image

Бүгін университетімізде «Заң мен тәртіп» концепциясы аясында интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында ашық диалог форматта іс-шара өтті. Жиынға «Халық банк» өкілдері мен Түркістан облысы полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қатысты.

Басты мақсат – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, банк саласындағы заманауи алаяқтық түрлерінің алдын алу, құқық қорғау органдары мен банк өкілдері арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту. Сондай-ақ, тұрғындарды заң талаптарын сақтауға және жеке деректерін қорғауға шақыру.

Жиын модераторы – Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов болды. Ал  Қазақстан Халық банкінің Түркістан облысы бойынша филиал директорының орынбасары Самат Бекбашев пен  Түркістан облысы полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Жұбаныш Шүкірбай спикерлер қатарынан көрінді. Олар интернет алаяқтыққа қарсы өздерінің мазмұнды баяндамаларын ұсынды.

Кездесу барысында интернет алаяқтықтың түрлері мен олардың алдын алу жолдары, сондай-ақ алаяқтардың құрбаны болған жағдайда қолданылатын шаралар туралы кеңінен баяндалды.

Шара студенттерге заманауи цифрлық қауіптер туралы маңызды мәлімет беріп, қаржылық қауіпсіздікті сақтаудың маңызын түсіндіруге бағытталды.