КЕЗЕКТІ МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Бүгін университетіміз бен Өзбекстан Республикасының Халықаралық әдебиет, өнер, мәдениет және әлеуметтік ғылымдар академиясымен екіжақты ғылыми-шығармашылық байланыс орнатуға бағытталған кездесу өтті.
Жиынға Өкілетті Кеңес төрағасы Мұхиттин Шимшек , ректор Жанар Темірбекова, ректор өкілі м.а. Нажи Генч пен Академия тарапынан келген ресми делегация құрамы және Халықаралық байланыстар департаментінің директоры Дадажанов Фуркат, Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының директоры Сайфунов Бауыржан қатысты.
Меморандумның мақсаты – тараптардың ғылым, білім және мәдениет салаларындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін ұзақ мерзімді серіктестік қатынастар орнату. Сондай —ақ, келісім аясында түркі әлемінің рухани және мәдени мұрасын сақтау мен дамыту, ғылыми ынтымақтастықты кеңейту, білім беру интеграциясын күшейту бағыттары қарастырылды.
Айтулы меморандумға ректор Жанар Темірбекова мен Академия президенті Абдулла Ахматович Менгқобилов қол қойды.
Қос тарап өзара келісім аясында ғылыми-шығармашылық байланысты дамуытуды бірлесе жүзеге асыруға ниет білдірді.