❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

«СТРЕСТІ – СПОРТПЕН, ДОСТЫҚПЕН, ӨНЕРМЕН ЖЕҢ!» ТАҚЫРЫБЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

  • 14.11.2025
  • KZ
  • 11

image

Бүгін университетімізде «Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету» бөлімінің ұйымдастыруымен психолог Алнұр Ошибаев құмар ойын орнына балама өмір салтын ұстану мақсатында «Стресті – спортпен, достықпен, өнермен жең!» тақырыбында психологиялық семинар-тренинг өтті.

Іс-шараның мақсаты - Студенттердің психоэмоционалды тұрақтылығын арттыру, күйзеліс жағдайларын тиімді еңсеру дағдыларын қалыптастыру, стрессті жеңудің оң тәсілдері ретінде спорттық белсенділікке, достық қарым-қатынасқа және шығармашылық өнерге қызығушылықты дамыту.

Семинарда студенттерге өз сезімдерін басқаруға және күнделікті өмірде кездесетін қысымдарды жеңіл қабылдауға үлкен мүмкіндік берді. Жастардың саналы таңдау жасауына, өмірге деген позитивті көзқарасын күшейтуге бағытталған мазмұнды кездесу болды.