❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

  • 17.11.2025
  • KZ
  • 14

image

Университетіміздің Мәдениет орталығында «17 қараша – Халықаралық студенттер күні» мерекесіне орай мерекелік кеш өтті.


Іс-шара студенттердің күнделікті қызыққа толы өмірі туралы бейнероликпен бастау алды.


Сахна төрінде талантты жастар өнер көрсетті. Студенттік шақ пен жастар жалынын сезіндіріп, әсем әндер шырқады. «Бисұлтан» би ансамблі заманауи билерімен кештің көркін аша түсті. Сонымен қатар, факультеттерден жиналған өнерпаз студенттер хормен ән салып, көптің қошеметіне бөленді. 


Халықаралық студенттер күні – студенттердің білімге деген ынтасын, шығармашылық әлеуеті мен белсенді өмір салтын дәріптейтін ерекше мереке. Оқу ордамызда өткен мерекелік концерт айтулы күннің мәнін айшықтай түсті.