❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

«ДИПФЕЙКТЕР ЖӘНЕ ЖАҢА ҚАУІПТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

  • 19.11.2025
  • KZ
  • 32

image

Бүгін университетімізде Заң факультетінің ұйымдастыруымен Түркістан облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлерімен «Дипфейктер және жаңа қауіптер» тақырыбында ресми кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты — студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, дроппер болудан сақтау және дипфейк ақпараттарды ажырата алуды үйрету.

Жиынға Түркістан облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, Түркістан облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 2 жедел басқармасының аға жедел уәкілі Гүлзия Қарсыбай және Түркістан облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департамент қызметкері Лаура Нұрбосынқызы, сондай-ақ университетіміздің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Шараның маңызын Түркістан облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 2 жедел басқармасының аға жедел уәкілі Гүлзия Қарсыбай түсіндірді. Ол өз сөзінде:  «Дропперлерге қатысты қазіргі таңда қолданылатын жаза күшейіп келеді. Сонымен қатар біздің телефондарымыздағы Face ID, қол саусақ сканері сияқты жеке деректер — алаяқтардың бірінші көздейтін нысаны. Олар қоңырау шалған сәтте бірден сенімге кіруге тырысады. Сол  себепті сақтық өте маңызды», — деді.

Келесі сөз кезегін алған Түркістан облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері Лаура Нұрбосынқызы : «Дипфейк — жасанды интеллект арқылы жасалатын алдау формасы. Қазіргі таңда алаяқтар жасанды технологияларды және біздің эмоциялық интеллектімізді пайдаланып, өте жылдам әрі сенімді әрекет етеді. Сол себепті кез келген ақпараттың шынайылығына мұқият болу қажет», — деп ескертті.

Кездесу барысында мамандар оқытушылар мен студенттерге арнайы сұрақ-жауап ойынын ұйымдастыру арқылы, олардың алаяқтарды қаншалықты тани алатыны тексерді.

Студенттер үшін бұл кездесу маңызды әрі пайдалы ақпаратқа толы болды. Цифрлық қауіптің күннен-күнге өзгеріп жатқанын ескерсе келе, қауіпсіздікті күшейтіп, кез келген күмәнді ақпаратқа сақтықпен қарау керегін түсінді. Айтылған мәліметтер болашақта алаяқтықтың алдын алуға үлкен көмегін тигізетіні анық.