«ТҰРАҚТЫ ЖАСЫЛ КАМПУС» АТТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ
Іс-шара Тұрақты дамудың ғылыми-зерттеу орталығы, Шаруашылық департаменті, Өнер, медиа және дизайн факультеті ұйымдастырды.
Айта кетейік, шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде кең көлемде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілді.
Экологияны жақсарту бастамасына университет ректоры Жанар Темірбекова, ректор өкілі м.а. Нажи Генч, факультет декандары, оқытушылар мен студенттер үлес қосты. Олар №3 жатақханасы аймағында ағаш көшеттерін екті.
Жиынның мақсаты – университет аумағын жасыл кампусқа айналдыру. Сондай-ақ, бастама табиғатты аялауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Бұл игі шара алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасып, апта сайын факультеттер арасында ұйымдастырылады.