❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

«АИТВ-ҒА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ҚИЫНДЫҚТАРДАН ТИІМДІ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

  • 21.11.2025
  • KZ
  • 63

image

Университетімізде «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан тиімді өзгерістерге» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараны 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай, оқу орнымыз бен  Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығы» ұйымдастырды.

Басты мақсат – жастар арасында әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.

Ең алдымен Облыстық АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Ақмаржан Қалмахан нашақорлықтың адам өміріне қауіпін айтып, ЖИТС-тің алдын алу бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.

Келесі кезекте, оқу орнымыздың түлегі, дзюдодан Азия ойындарының жеңімпазы, спортшы  Дидар Хамза: «Құрметті жастар, барлығыңызды өз денсаулықтарыңызға қарап, оны сақтауға шақырамын. АИТВ-инфекциясына тексерілу үшін қан тапсырып, қорықпай көру де маңызды»,-деді.

Сонымен қатар, жиында АИТВ-инфекциясымен өмір сүруші құпия азамат денсаулық жағдайы мен инфекцияның зияны туралы баяндады. Қазіргі таңда инфекциямен күрес барысы мен дәрігерлер тағайындаған емдік дәрі-дәрмектер жайлы айтты. Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жастарды денсаулықтың қадірін білуге шақырды. Нашақорлық сынды ауыр дертке бастайтын зиянды әрекеттерден аулақ болу қажет екенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, студенттер мен ерікті азаматтар АИТВ инфекциясына тексерілу үшін тегін экспресс-тестілеу тапсырды. Бұл жедел тесттің нәтижесін 20 минут ішінде алады.

Семинар соңында студенттер мамандарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауап алды.