Өмірбаян
Айтбаев Бегімжан Рахымбекұлы 1983 жылы 7 қазанда Түркістан облысы, Жетісай ауданында дүниеге келді. 1989-2000 оқу жылдары “Қызылтаң”, “С.Қожанов” мектептерінде орта білім алдым. 2000-2004 оқу жылдары Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін аяқтап, Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі біліктілігін алды. 2005-2007 оқу жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистратурасын аяқтап, Филология магистрі біліктілігін алды. 2017-2020 оқу жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің докторантурасында Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша білім алды.2006-2007 оқу жылдары Қазақстан Халықтар Достығы университетінің Түркістан филиалында оқытушы қызметін атқарды. 2007-2018 оқу жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық факультетінде оқытушы, декан орынбасары қызметтерін атқарды. 2020-2023 оқу жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Филология факультеті Қазақ филологиясы кафедрасында оқытушы, кафедра меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.2023-2024 оқу жылынан бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық орталығы Қазақ, орыс тілдері бөлімінің оқытушысы, 2024-2025 оқу жылынан бастап Дайындық орталығының оқу ісі жөніндегі директор орынбасары қызметтерін атқарып келеді.
Баскару қызметтері
Оқу ісі жөніндегі директор орынбасары
| Бөлім | Қазақ, орыс тілдері |
| Kısa Bilgi | Оқу ісі жөніндегі директор орынбасары, Магистр , оқытушы |
Оқу ақпараттары:
-
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Бакалавр -
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Магистратура


