Өмірбаян
Өмірбаян Мен Джалетова Светлана Джұмагерейқызы БҚО, Бөкей Ордасында дүниеге келдім. 1980-1991ж.ж. Максим Горький атындағы Орда орта мектебінде оқыдым. 1999 жылы ОҚО, Кентау қ, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін тамамдап, 0124-экология және мониторинг мамандығы бойынша, эколог квалификациясы берілді.2005 жылдың қыркүйек айынан бастап, осы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жұмыс жасап келемін. Экология және химия кафедрасында аға лаборант, зертхана лаборанты, инженер қызметтерін атқардым. ОҚО, Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік иновациялық университетінде екінші мамангдыққа оқып, 5В011800 - Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім бакалавры дәрежесі берілді. 2021-2022-ші оқу жылынан бастап, бүгінгі күнге дейін Дайындық орталығы, қазақ және орыс тілдері бөлімінде оқытушы қызметін атқарып келемін. Отбасылық жағдайым: жесір. Екі ұлым бар: Султан Бибарыс Бахытулы – отбасылы, Сұлтан Бекарыс Бахытұлы – Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ-ң 4 курс студенті. Қолымызда 1944-ші жылғы қайын атамыз бар.
Оқу ақпараттары:
-
Аймақтық әлеуметтік-иновациялық университеті
Бакалавр -
Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті
Бакалавр


