team
аға оқытушы PhD., Хазретәліқызы Райгүл

Оқу-әдістемелік комитетінің төрағасы

Телефон:
+7(725) 336-3636
Электрондық пошта:
raygul.khazretalikyzy@ayu.edu.kz
№:
254

Өмірбаян

Мен, Хазретәліқызы Райгүл – 1985 ж. 11-наурызында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келдім. 2002 ж. Түркістан қаласы М.Абенова ат. жалпы орта мектепті үздік бітіріп, осы жылы әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық университетінің «Тарих, археология және этнология» факультетіне оқуға түстім. 2007 ж. «Тарихшы-мұрағатшы» мамандығы бойынша осы университтің үздік дипломын алдым. 2007 ж. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивіне мұрағатшы болып жұмысқа орналастым. 2009 ж. әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық университетінің «Археология және этнология» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, 2011 ж. гуманитарлық ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алып шықтым. 

Отбасылық жағдайларға байланысты 2012 ж. Шымкент қаласына ауысып, 2013 ж. сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатына археограф болып жұмысқа орналастым. 2016 наурызынан 2021 жылдың шілдесі аралығында Түркістан облысы мемлекеттік архивінің «Құжаттарды пайдалану және жарыққа шығару бөлімінің» басшысы қызметін атқардым.

2021 жыл қазанынан 2025 ақпан аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға оқытушы, 2025 жылдың 24-ақпанынан Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік ісі жөніндегі декан орынбасары қызметіндемін.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.