Нартай Ажар Нартайқызы, 1993 жылы 28 тамыз Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген.
1999 жылы Рақманқұл Бердібай атындағы бастауыш мектебіне 1-ші сыныбына барып, С.Әшіров атындағы орта мектебін 2011 жылы үздік аяқтаған.
2011-2015 жылдары Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогика Университетінің филология факультетінде «Шетел тілі:екі шетел тілі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2011-2014 жылдары «Дана жол қазақ экономика мектебінде» сарапшы қызметін атқарған.
2015-2017 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде магистратурада оқып заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.
2018-2021 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде докторантура бағдарламасында білім алған.
2021-2024 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Филология» мамандығы бойынша докторантура бағдарламасы бойынша білім алған.
2024-2025 жылдары Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.
2018-жылдан бастап, Халықаралық «Genetic Discrimination» ұйымында эксперт қызметін атқарады.
14.12.2022 жылы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шымкент қаласының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінен аттестациялаудан өтіп, KZ220003937616 лицензиясы негізінде адвокаттық қызметпен айналысады.
2020-2021 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Қылмыстық құқық» кафедрасында магистр оқытушы қызметін атқарған.
2021-2025 жылдары «Түркістан көпсалалы жоғары медицина» колледжінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2025-жылдан бастап Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Құқықтану» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқара бастады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің диссертациялық кеңесі шешімімен «6D030100 -құқықтану» бағдарламасы бойынша 2025 жылғы 25-қыркүйек № 60 бұйрығы негізінде философия докторы ғылыми дәрежесін алды.
Оның 20-дан аса ғылыми еңбектері отандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген.


