аға оқытушы PhD., Нұрмұхамбет Айгүл Өмірзаққызы
Кафедра меңгерушісі м.а.
ӨМІРБАЯН
Нұрмұхамбет Айгүл Өмірзаққызы, 1983 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Алматы қаласында дүниеге келді.
2000 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетіне «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2005 жылы «Құқықтану» бағыты бойынша бакалавр дәрежесін алды.
2012 жылы Анкара университетінің халықаралық жеке құқық бағдарламасы бойынша магистратураға қабылданып, 2015 жылы «Шетел сот шешімдерін тану және орындау мәселелері (Қазақстан Республикасының тәжірибесі негізінде)» тақырыбында магистрлік диссертациясын сәтті қорғады және құқық магистрі дәрежесін алды.
2015 жылы Докуз Эйлюль университетінің докторантурасына «Жеке құқық» бағыты бойынша оқуға түсті, 2019 жылы «Халықаралық жеке құқықтағы құрылыс мердігерлігі шарттары» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап Phd дәрежесін алды.


