❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
team
Каныбекова Карлыгаш Жонарбековна
Ғылым кандидаты, аға оқытушы
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат атауы
Ректорат,
Бөлім
Халықаралық қатынастар кафедрасы
428

Өмірбаян

Мен, Қаныбекова Қарлығаш Жонарбековна, 1977 жылы 28 тамызда Алматы облысы, Алматы қаласында дүниеге келдім. 1994 жылы орта мектепті аяқтап, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тарих мамандығына мемлекеттік грант негізінде оқуға түсіп, 1998 жылы оқуымды сәтті тәмамдадым. 1998–2000 жылдары Түркістан гуманитарлық көпсалалы колледжінде тарих пәнінің оқытушысы болып қызмет атқардым. 2000 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аспирантурасына 22.00.04 – Әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар және әлеуметтік үдерістер мамандығы бойынша оқуға қабылдандым. 2004–2006 жылдары аталған университет жанындағы «Шағын социологиялық зерттеу орталығында» жетекші маман қызметін атқардым. 2006–2010 жылдар аралығында оқу-әдістемелік бөлімде офис-менеджер лауазымында еңбек еттім. 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 22.00.04 – Әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар және әлеуметтік үдерістер мамандығы бойынша кандидаттық диссертациямды сәтті қорғап, сол жылы Әлеуметтану және саясаттану кафедрасында аға оқытушы ретінде қызметімді жалғастырдым. 2010–2015 жылдар аралығында Заң факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы қызметін қатар атқардым. Қазіргі уақытта Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарып келемін. Ғылыми қызметім барысында 25-тен астам ғылыми мақала, 1 монография және 1 оқу құралы жарық көрді.

Білімі туралы ақпарат

Оқу орны

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Сертификаттар

  • AI көмегімен оқыту процесін оңтайландыру (2025 г.)
  • инклюзивті білім берудегі оқыту дағдыларының мазмұны (2025 г.)
  • Әлеуметтану (2024 г.)

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.