❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
team
Кұлахметов Болат Өмірзақұлы
Ғылым кандидаты, Доцент
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат атауы
3 ғимарат
Бөлім
Педагогика және психология кафедрасы
Кеңсе номері
215

Өмірбаян

ӨмірбаянМен, Құлахметов Болат Өмірзақұлы, 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мырзакент селосында дүниеге келдім.1965-1975 жылдар аралығында Түркістан қаласында В.И.Ленин атындағы жалпы орта мектебінде білім алдым.1980 жылы Алматы қаласында Қазақ ауылшаруашылық институтының инженер- педагогикалық факультетін бітіріп шықтым.Еңбек жолымды 1980 жылы Түркістан қаласындағы «Ремстройдормаш»заводында иженер- конструктор қызметінен бастадым.1981-1985 жылдары Түркістан индустриалды- педагогикалық техникумда оқытушылық қызметін атқардым.1985-1986 жылдары аталған техникумда комсомол комитетінің хатшысы болып сайландым.1987-1988 жылдары  Алматы облысы кәсіптік білім басқармасының оқу ісі жөніндегі инстпектор жұмысын атқардым.1988-1994 жылдары Түркістан индустриалды- педагогикалық техникумда оқытушылық қызметін атқардым.1994 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетіндегі кандидаттық диссертацияны қорғап , Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ- нің тарих-филология факультетінде педагогика саласында аға оқытушы қызметіне қабылдадым.2003 жылы 13.00.00- ҚР ЖАК Педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді , және «Бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі » кафедра меңгерушісі қызметіне тағайындалды.2004-2007 жылдары «Жалпы психология» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқардым.2008 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ сенат шешімі бойынша профессор ғылыми атағы берілді.2009-2012 жылы аралығында университетін оқу ісі жөнінде бас аудиторы қызметін атқардым.2012 жылдан бастап осы күнге дейін Қ.А.Ясауи ХҚТУ  «Педагогикалық ғылымдар» кафедрасында профессор қызметін атқарып келемін.Жанұялымын, 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп жатырмын.Сот және тергеуде болған емеспін, шетелде туыстарым жоқ.

Оқу ақпараттары:

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті
    Ғылым кандидаты
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті
    Доцент
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті
    Бакалавр
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті
    Профессор
Тағылымдама / Сертификат:
  • Педагогикалық пәндерді оқытудың инновациялық әдістері мен технологиялары (2023 г.)
  • Нұрлы жол-болашаққа бастар жол
  • Этнопедагогика
  • Педагогика
  • 22.04.2016

Марапаттар мен жетістіктер

  • ҚР Құрмет грамотасы (2022 г.)