❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
team
Ашикбаева Гульмира Дуйсеновна
Магистр , аға оқытушы
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат атауы
№3
Бөлім
Педагогика және психология кафедрасы
Кеңсе номері
215

Өмірбаян

Мен, Ашикбаева Гульмира Дуйсеновна, 1969 жылы 7 тамызда Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Актюбе ауылында дүниеге келдім. Менің ұлтым  – қазақ. Әкем - Ашикбай Дүйсен зейнеткер, анам - Ашикбай Балхия зейнеткер. 1986 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы, Аққұм ауылындаға С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепті бітіріп, 1986-1987 жылдары аралығында Аққұм ауылындағы құрылыс саласында жұмыс жасадым.1987-1992 жылдары Түркістан облысы, Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын бітіріп, 1992-1994жж аралығында Шымкент қаласындағы N19 бала-бақшасында тәрбиеші, 1994-1995жж аралығында С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепте мұғалім, 2001 жылдары колледжде кафедра меңгерушісі болып жұмыс істедім. 1995 жылдан бері жоғары оқу орнында оқытушылық қызмет атқарып келемін. 2000 жылы Түркістан облысы, Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың педагогикалық ғылымдарының магистрі дәрежесі, ал 2021 жылы Шымкент қаласындағы Шымкент университетінің M001 ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ білім беру бағдарламасы бойынша академиялық дәрежесі берілді.Жалпы еңбек өтілі - 38 жыл. Соның ішінде 37 жылы педагогикалық салада, ал ЖОО-дағы жалпы еңбек өтілім 29 жыл. 2004 жылдан бері Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Педагогика және психология кафедрасында аға оқытушысы қызметін атқарып келемін.100-ден астам ғылыми-әдістемелік мақалалардың және «Scopus» базасына кіретін журналдарда cонымен қатар, алыс және жақын шетелдік, Қазақстандық журналдар мен халықаралық ғылыми-практикалық  конференцияларда мақалам жарық көрген. 10 оқу құралы мен оқу-әдістемелік құралдардың авторымын.Республикалық, Облыстық, Университет, факультет басшысы тарапынан берілген жеткен жетістіктерім бар.Біліктілігімді жетілдіру бойынша көптеген сертификаттар мен студенттердің ғылыми конференциясына белсенді қатысқаны үшін студенттерімнің алған марапаттарым бар.Ұұлым – Нұрдәулет Сұлтанбай Қуанышұлы, жалпы орта мектептің 10 сыныбындағы үлгілі, озат оқушысы. 

Оқу ақпараттары:

  • М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институты
    Бакалавр
  • С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі
    Орта мектеп
  • М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институты
    Магистратура
  • Шымкент университеті
    Магистратура
Тағылымдама / Сертификат:
  • Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту (2024 г.)
  • Көп балалы отбасының өзекті мәселелері (2022 г.)
  • Психология және конфликтологияның заманауи мәселелері (2021 г.)
  • Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған байқау (2021 г.)
  • Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша сабақ беру және бағалау (2020 г.)
  • Инклюзивті білім беру (2019 г.)
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары (2019 г.)
  • Білім берудегі менеджмент (2019 г.)
  • Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру (2019 г.)
  • Жоғары оқу орындарында оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары (2019 г.)
  • Ұлы Даланың жеті қыры және қазақ руханияты (2019 г.)
  • Баслауыш тәлимди модернизациялау процесслери: машқалалар хәм шешимлер (2019 г.)
  • Электрондық кітапхана: білім саласындағы компьютерлік технологиялар (2019 г.)
  • Қазақ психологиялық қоғамындағы ғылыми-әдістемелік жұмыс жүйесіндегі инновациялар: тәжірибесі, мәселелері және болашағы (2018 г.)
  • Педагогика (1970 г.)