❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
team
Жумадуллаева Айгуль Аязбаевна
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат
Бөлім
Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы
125

Өмірбаян

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Жумадуллаева Айгүл Аязбайқыз

 

Өмірбаян

 

Жумадуллаева Айгүл Аязбайқызы – 1971 жылы туылған, ұлты – қазақ, жоғары білімді маман, п.ғ.к., доцент.

          1991 жылы Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтыныњ «Педагогика, психология (мектепке дейінгі)» мамандығына түсіп, 1995 жылы аталған мамандықты үздік дипломмен бітірдім.

          2006 жылы 27 мамырда 13.00.01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандағы бойынша кандидаттық диссертация қорғадым.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің 2006 жылы 3 қарашадағы шешімімен (№12 хаттама) педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алдым.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің 2009 жылы 23 желтоқсандағы шешімімен (№10 хаттама) педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

  Педагогика ғылымының саласында бүгінгі таңға дейін 130-ден аса ғылыми мақалалары мен оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді. Оның ішінде 1 электронды оқулықтың, 8 оқу-әдістемелік құралдың, 2 оқулықтың авторымын. Сонымен қатар Томсон Рейтер дерек базасына еңген импакт факторы бар тіркелген журналдарда, алыс және жақын шетелдердегі халықаралық ғылыми-практикалық  конференцияларда мақалаларым жарық көрген. 

Отбасылымын, екі қыз бен бір ұлдың анасымын.

 

Дәрежесі

Ғылым кандидаты, Доцент

Оқу орны

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Kazak Kadın Pedagoji Enstitüsü

Сертификаттар

  • Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту (2024 г.)
  • Идеал ұстаз (2024 г.)
  • Идеал ұстаздың құралдары (2024 г.)
  • Бастауыш білім беруде дербес пәндерді оқыту (2024 г.)
  • Жалпы және жас ерекшелік психологиясының негіздері (2023 г.)
  • Мектепке дейінгі дербес пәндерді оқыту әдістемесі (2022 г.)
  • Бастауыш сынып оқу пәндерінің сапалы білімді қамтамасыз ету алгоритмдері (2022 г.)
  • Білім берудегі Менеджмент (2022 г.)
  • Оқытушылардың цифрлық құзіреттілігін дамытудағы педагогикалық дизайн (2021 г.)
  • Педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық негіздері (2020 г.)
  • Жоғарғы оқу орындарының оқу үрдісінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану (2020 г.)

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.