team
оқытушы Магистр , Хумар Жанерке

Телефон:
+7(707) 853-5417
Электрондық пошта:
zhanerke.khumar@ayu.edu.kz
№:
422

Жанерке Хумар 1989 жылы Монголия мемлекетінің Баян-Өлгей қаласында туған. 2007 жылы Баян-Өлгей қаласы Ікей батыр атындағы орта мектепті үздік аяқтап, Қазақстан мемлекеті, сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында орналасқан А.Я атындағы ХҚТУ-інің Кентау қаласындағы дайындық факульетіне грант негізінде оқуға қабылданады. 2008 жылы Түркістан қаласындағы А. Я атындағы ХҚТУ-інің “Журналистика” кафедрасына грант негізінде оқуға түседі. 2012 жылы аталмыш оқу орнын үздік дипломмен аяқтап, 2013 жылы Астана қаласындағы Л.Н Гумилов атындағы Еуразия ұлттық университетіне “Журналистика” факультетіне магистратураға грант негізінде оқуға түседі. 2015 жылы әлеуметтік ғылымдар магистры болып оқу орнын аяқтайды. 
Сол жылдың қазан айынан бері Шымкент қаласындағы “Отырар” медиахолдингіне журналист болып қызметке орналасады. 
Алғашында “Жас толқын” жастар бағдарламасының эфир жүргізушісі, “Оңтүстік Рабат” газетінің тілшісі болып қызмет атқарады. 
2017 жылдан бастап, Отырар телеарнасының күн сайын тікелей эфирінде шығатын “Жаңа күн” сазды-ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі болады. 
2020 жылдан бастап бүгінге дейін осы бағдарламаның редакторы және күн сайын тіклей эфирде шығатын “Ақпарат” қорытынды жаңалықтарының дикторы болып қызмет етеді. 
2021 жылдан бастап бүгінге дейін күн сайын тікелей эфирде прайм-таймда шығатын Халық&Билік бағдарламасының жүргізушісі болып қызмет етіп келеді. 
Отбасылы, тұрмысқа шыққан. 
 

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.