


Меңгеруші ҚР Мәдениет қайраткері, Ботақараев Алымбай Тугелбаевич
Ботақараев Әлімбай Түгелбайұлы 1974 жылы Түркістан облысы Түркістан қаласында көп балалы шаруа от басында дүниеге келіп 1981-1989жылдары №5 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің сегіз жылдық сыныбын бітірді. 1982-1989 жылдары Түркістан музыка мектебін тамамдады. 1989 жылы Шымкент музыкалық училищесіне түсіп, 1993 жылы оркестр жетекшісі және домбыра класының маманы мамандығын бітірді.1993-1994 жылдар аралығында Шымкент АО «Мұғраж комбинатында музыкалық жетекші және Шымкент №2 музыкалық мектебінде оркестр жетекшісі болды.1994 жылы Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің көркемөнерпаздар үйірмесінде «домбыра» жетекшісі. 1998-2002 ж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да, «Өнер» факультетінде оқып Драма театр режиссері мамандығын алып шығып, 2008ж. дейін «Сахна режиссері» қызметін атқарды. 2008 жылдан бастап 2018 жылдар аралығында ХҚТУ Продюсерлік орталығының директоры қызметін атқарды. 2018 жылдан бастап ХҚТУ «Спорт және Өнер» факультеті «Орындаушылық өнер» кафедрасында ұстаздық етуде.
Осы жылдар аралығында көптеген қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық өнер байқауларына шәкірттерін қатыстырып жүлделі орындарды университетке табыстады және 18 жылдық тарихы бар 10 жанрдан тұратын университеттің «Дарын» фестивалінің авторы және ұйытқысы болып келеді. Ол байқаудың елегінен өткен өнерлі жастар қазіргі таңда қазақ эстрадасында өзіндік орны бар белгілі тұлғалар. Атап айтар болсақ Республикалық «Арай-2002» ең үздік әнші, «Жасқанат-2005» бас жүлде, Халықаралық «Шабыт-2005» бас жүлде, Атырау қаласындағы ЮНЕСКО шешімімен өткен ақиық ақын Махамбет Өтемісұлының атындағы байқаудың бас жүлдегері, Шаңқайда өткен Шаңқай жұлдыздары байқауының лауреаты, қазіргі таңдағы эстрада жұлдызы Нұржан Қалжан. Халықаралық «Азия дауысының» аясында өтетін қазақ әндері байқауының «Алтын домбыра» иегері «Ұлан» квартеті. Республикалық «Арай-2004» Халықаралық Атырау қаласындағы ЮНЕСКО шешімімен өткен ақиық ақын Махамбет Өтемісұлының атындағы байқаудың бас жүлдегері дәстүрлі әнші Кенжегүл Серікбаева. Республикалық «Арай-2004» ән байқаудың бас жүлдегері «Дарын» квартеті. Республикалық «Арай-2010» ән байқаудың І-ші орын иегері, Халықаралық «Шабыт-2010» фестивалінің лауреаты Біржан Сапарбеков.
Жалпы осы салада университет қабырғасында жүріп 100-ден астам қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі лауреттардың болуына аянбай еңбек етті және бірнеше Қазақстан эстрада жұлдыздарының орындауында жазған әндері радио-теледидардан жиі беріліп тұрады. Ботақараев Әлімбай Түгелбайұлы өзінің қызметтік міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен және ұқыптылықпен қарайтын тұлға. Ол университеттің мәдени жұмыстарына белсене араласып, жастардың мәдениетін дамытуға ерекше үлес қосуда. Сонымен қатар, университеттің Мәдениет орталығында өткізілетін қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық шараларының жоғары деңгейде нәтижелі өтуіне жан-жақты жағдай жасайды. Университет ұжымы, Түркістан қаласының арасында өзінің еңбекқорлығымен, адами қасиеттерімен, кәсіби шеберлігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, тыңғылықты жұмыс жасауымен жоғары беделге, қошеметке ие.
26 жыл ішінде университет өнерпаздары еліміздің түкпір-түкпірінде өнер көрсетіп бірнеше елдерде концерттік бағдарламамен өз өнерлерін паш етіп жүр. Мысалы: Түркия республикасының Анкара, Самбул, Қайсері, Сивас, Кападокия, Кібіріс, Кония, Елазық, Анталия, Мұғла, Польша республикасының Варшава, Краков қалаларында, Түркіменстан республикасында өнерлерін көсетіп жүрген коллективтің жетекшісі, 90-ға тарта әннің авторы. Қазіргі таңда бұл әндерді ән әлемінде Алтын-ай Жорабаева, Ақжол Мейірбеков, Өмірқұл Айниязов,Нұржан Халжан,сондай-ақ Алматы облысы Талдықорған филармониясы опералық әншілері, Шымкент Опера балет театры және Шымкент филармониясы мен қатар жеке дара әншілер мен дара тұлғалар Асыл Жандаулет, Ғалым-Хан, Бижігіт Исмағұлов, Астана Қарғабай, Мақпал Байбатшаева, Достар тобы, Самұрық тобы, Анель Мұсабекова, Шаншар театры, Біржан Сапарбеков, Наз дуэті, Бегім-ай триосы, Гәкку дуэті, Семсер тобы және Өмірқұл Айниязов, Талғат Жорабаев, Зайыр Бегалы, Нұржан Жүсіпбеков, Жұлдыз Мұсаева, Ерлан Жандарбай және Үралхан, Гүлбану Жолдасбекова, Анар Жұмаш, Оразкүл Даулетова, Бахадүр Юлдашев, «Асу» тобы, «Пэрте» тобы, ВИА «Моестро» тәрізді көптеген тағы-тағы өнерлі жастар орындауда.
Әндері: «Бабалар рухы», «Көктем», «Жас жұбайлар», «Жаныс батыр», ХҚТУ жастар гимні, ОҚО гимні «Оң» әні. ОҚ Футбол және спорт гимні, ТҮРКСОЙ іс-шарасы Түркістан мәдени астана атты әнінің авторы, 23 мемлекет делегациясы атсалысқан іс-шараның, «Сағынып жүрмін», «Сүйіліш батыр», «Түркістан» «,Ордабасы» «Қайтадан бір сәт жолықтыр», «Анама сағыныш», «Әже», «Апау», «Күміс жүзік», «Кеш қалма», «Іздеме», «Жан жарым», «Асылым», «Сарыағаш», «Самға», «Толғау», «Елім-ай», «СМС», «Өзің мен егіз жүрегім», «Өмір», «Махаббатым», «Сен бар деп», «Қайран жастық», «Көк көйлек», «Періште қыз», «Кешегі түн», «Әдемі қыз», «Хан тағы гимні», «Ордабасы» 2018 жылы 21-наурызда «Наурыз Қазығұрттан басталады» атты облыс көлемінде Қазығұрт етегінде тойланған наурыздың композициялық күрделі рухани қойылымына арнайы жазылған «Рухани жаңғыру» әнінің және 90-ға тарта осы тәрізді көптеген әндердің авторы. Қазіргі таңда «Қазақ радиосы», «Шалқар радиосы», «Хабар», «Ел арна», «Жетісу», «Оң тв», «31-арна», «Астана», ұлттық арналарымызда және «ТРТ түрік каналдарында да» жарыққа шығуда. Осы жылдар аралығында Польша республикасындағы елшілік еткен Төлеутай Сүлейменовтың және Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті президенттерінің және Түркістан қаласы әкімдерінің бірнеше алғыс хатымен марапатталған. Ботақараев Әлімбай Түгелбайұлының осы еңбектері ескеріліп 16 маусым 2007 жылы № 1231 ҚР Мәдениет қайраткері төс белгісімен марапатталды.
2016ж. Елбасымыз «Нұр Отан» партиясының старатегиялық бағыттарын жүзеге асыру мақсатында елеулі еңбегі үшін «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаевтың алғыс хатымен марапатталды. Қазақстан Республикасының Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды. ҚР Президенті Н.Назарбаев 2016ж. 30 желтоқсан ОҚО әкімі Ж. Түймебаевтан Облыстық мәдениет саласын дамытуда ерекше үлес қосқаны үшін 2016 жылдың «Үздік композиторы» номинациясын иеленіп диплом және жүлдемен марапатталды. 2017 жылы Шымкентте Облыстық «Мәңгілік ел» патриоттық ән мен әнші байқауында композиторлығы үшін үздік болып танылып І-ІІ жүлделі орындарды иеленіп Басқарма басшысы Н.Ахметжанов марапаттады.
2017-2018ж.ж. Туркия Республикасы, Кайсери қаласында өткен Халықаралық түркі дүниесінің музыка фестивалінде Қазақстан Республикасы атынан қатысқаны үшін мақтау және алғыс қағаздарымен марапатталды. 2017 жылы «Үркер» шығармашылық дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен Халықаралық рухани жаңғыру фестивалінің өтуіне зор үлес қосып жоғары дәрежеде қазылық еткені үшін алғыс хатпен марапатталды. 2017жылы «ТURKSOY» Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін дамыту ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтың сертификатымен және М.Жұмабаев атындағы арнайы жүлдесімен марапатталды.
Ботақараев Әлімбай Түгелбайұлы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Сенат шешімімен (27 қазан 2017 жыл, хаттама №2) Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.