❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
team
Якуб Аякөз Әбдусахитқызы
ҚР Мәдениет саласының үздігі, аға оқытушы
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат атауы
7 ғимарат
Бөлім
Орындаушылық өнер кафедрасы
Кеңсе номері
83А

Өмірбаян

Өмірбаян         Якуб Аякөз Әбдусахитқызы, 1970 жылы 24 тамызда  Түркістан қаласы  Оңтүстік Қазақстан облысында туылды. Ұлтым – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымы.1977-1987 жылдар аралығында  Түркістан қаласындағы №15 орыс орта мектебін қола медальмен үздік бітірді.1987 жылы Алматы қаласының Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының  Музыкалық білім факультетіне оқуға түсті.1993 жылы музыка пәнәнің мұғалімі мамандығы бойынша  бітіріп, 2007-2010 жылдары  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аспирантура бөлімін грант негізінде, 2014 жылы Шымкент қаласындағы Академиялық әлеуметтік-инновациялық университеттің магистратурасына түсіп,  2016 жылы   тәмамдады. 2018 жылы Ресей Федерациясының Орынбор қаласында докторантура бөліміне ізденуші болып тіркеліп, қазіргі таңда оқуы жалғасуда. 1993 жылдан бастап Түркістан қаласында «Гүлдер» балабақшасында музыкант, 1996 жылдан – Балалар Саз мектебінде фортепиано аспабының оқытушысы және оқу-ісінің директорының орынбасары қызметін атқарды. 2003 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Өнер факультетінің Орындаушылық өнер кафедрасында аға оқытушы қызметін атқаруда. Отбасы бар: жұбайы – Жұмабаев Қанат Раимұлы, 1969 жылғы, Түркістан қаласы Балалар Жасөспірімдер Орталығында музыка және вокал пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Бір  қызы бар – Алматы қаласында Еуразиялық банкте жұмыс жасайды, екі ұлы – Алматы қаласында Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында грант негізінде 4 курс студенті және А.Жұбанов атындағы республикалық дарынды балаларға арналған мектебінде фортепиано аспабында 10 сыныпта оқиды.Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс тілдерін жетік біледі, компьютерді толық меңгерген.Мекенжайы: Түркістан қаласы, С.Қожанов к-сі, 83а-үй.Сымтетік: 8-775-751-25-09 

Оқу ақпараттары:

  • Аймақтық әлеуметтік инновациялық университет
    Магистратура
  • Қазақ қыздар педагогикалық институты
    Бакалавр
  • Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
    Бакалавр

Ғылыми метрикалар

ORCID
ORCID ID 0000-0002-1914-4501
Тағылымдама / Сертификат:
  • Түрік тілі А2 (2024 г.)
  • Мектептегі концерттік номерлердің музыкасын дұрыс таңдап қою (2023 г.)