team
аға оқытушы ҚР Мәдениет қайраткері, Тобагабылова Айжан Жунусовна

Телефон:
Электрондық пошта:
aizhan.tobagabylova@ayu.edu.kz
№:
305

Тобагабылова Айжан Жунусовна, ҚР азаматшасы,  30 қантар 1973 жылы Түркістан қаласында, дүниеге келген. Анасы зейнеткер. 

1980-1989 жылдар аралығында Түркістан қаласындағы Некрасов атындағы № 9 орта мектебінде жалпы білім алған. Мектепте білім алумен қатар   Балалар музыка мектебінде «Фортепиано» бөлімінде оқыған. 

Мектепті бітірген соң 1989-1993 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Музыкалық училищесіне «Хорды дирижерлау» бөлімінде оқып, «Хор дирижеры, әуез мұғалімі, сольфеджио оқытушысы» квалификациясын алып, 1993 жылы Түркістан қаласындағы «Әлия» балабақшасында музыкалық қызметкер болып жұмысын атқарды. 1995 жылы Түркістан қаласы Балалар Саз мектебінде жұмысқа орналасып, «фортепиано» мен «хор класы» пәндерінен сабақ берді. 

2001-2005 жылдар аралығында Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Музыкалық білім» мамандығы бойынша білімін жалғастырған. 2005 жылы аталмыш университетінің «Музыкалық білім» кафедрасының меңгерушісі, ҚР Халық әртісі, профессор Қ.Бекбосынның ұсынысымен жұмысқа  шақырылды.

2006-2010 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы университетінің «Педагогика және этнопедагогика» мамандығы бойынша Аспирантура бөлімінде ғылым мен білімін жетілдірген. 

2011-2013 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Шымкент университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Магистрлік диссертациясын қорғап, «Педагогикалық ғылымдар магистрі» академиялық дәрежесін алды. Бүгінде «Вокал» сыныбы бойынша жас жеткеншектерге білім мен тірбие беуімен қатар, музыка өнеріне баулуда.

Айжан Тобагабылова - ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универитеті “Спорт және өнер” факультеті, “Орындаушылық өнер” кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. Жалпы еңбек өтілі – 30 жыл. Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі - 19 жыл. Жалпы 80 астам ғылыми еңбектері бар, 12 оқу құралы және Облыстық, Республикaлық және Халықаралық көлемдегі марапаттары, сыйлықақылары, атаулы шәкіртақылары бар.

Тобагабылова Айжан отбасылы, жолдасы: Молдабеков Ергешбек - 1961 ж. туған, қызы – Ергешбек Диана 1999 ж. – ОҚФА - 7 курс - интерн, ұлы - Ергешбекұлы Бақдәулет 2004  ж. туған,  Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, 2 курс студенті, ұлы - Ергешбекұлы Әділет 2011ж. туған, № 17, Ататүрік атындағы мектеп, 6 сынып оқушысы.

Тұрғылықты мекен-жайы: 161200, Түркістан қ-сы, І мөлтек ауданы, Т.Нышанов к-сі, 47 үй,  2 пәтер. 

 Тел.: 8-701-486-79-43

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.