


аға оқытушы Ғылым кандидаты, Искендиров Мухтар Амзебекович
Стоматология
Искендиров Мұхтар Әмзебекұлы 1959жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы Қызылкөл елді мекенінде дүниеге көлген. 1975 жылы орта мектепті бітіріп, Алматы мемлекеттік медицина институтының стоматология факультетіне түсіп,оны 1980 жылы тәмәмдаған. Интернатураны Шымкент қалалық стоматология емханасында өтті. Интернатура біткен соң Сайрам орталық аудандық емханасының хирург-стоматологы болып істеді. 1982-1983 жылдары қалалық туберкулезге қарсы «Қарлығаш» санаториясында дәрігер- стоматолог болып істеді. 1983-1991 жылдар аралығында ізденуші, кіші ғылыми қызметкер, сонан соң ғылыми қызметкер болып қалалық жедел жәрдем көрсететін аурухананың іргесінен ашылған Республикалық деңгейдегі қызмет көрсететін Баро-орталықта (сол кездегі Кеңес Одағындағы Мәскеуден кейінгі жоғары қысымдағы оттегімен емдейтін орталық) жұмыс істеді.1989 жылы кандидаттық диссертациясының тақырыбы бекітіліп, оны 1995 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында ойдағыдай қорғап шықты. Ғылыми бағыты: Фосфор зауытындағы сары фосформен уланған жұмысшылардың пародонт ауруларын емдеу барысында жоғарғы қысымдағы оттегі мен аскорбин қышқылының жағымды әсерін жіті зерттеп (2000-ға жуық ақ тышқандарға эксперимент жасалынып) оны клиникалық тұрғыдан толық дәлелдеп берді. Аталған ғылыми жұмысты ТМД елдерінің ғалымдары толығымен қолдады. Ғылыми жетекшілері: Алматы мемлекеттік медицина институтының терапиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы,Лазерлік медицина академиясының академигі, профессор Л.Я.Зазулевская және медицина ғылымдарының докторы, профессор, Баро орталығының бас дәрігері Т.О.Орынбаев болды.
Баро-орталықта Мұхтар Әмзебекұлы көптеген ғылыми жобаларға қатысты. Айта кетсек, Мәскеудің аэро-космос орталығының ғалымдарымен бірлесе отырып науқастардың лабораториялық-функциональдық зерттеу тәсілдерің әсіресе қандағы, терідегі, тіндердегі, қызыл иектегі және ақ тышқандардың бауыр жасуша митохондрияларындағы оттегінің парциальді қысымын полярографиялық әдіспен зерттеуді меңгеріп, аталған орталыққа ендіруге бірден-бір ат салысты. Аталған баро орталықта Т.О.Орынбаевтың басшылығымен « Арыс-МТ»,» «Чимкент -МТ» атты барокамералар соңғы инженерлік-техникалық және медициналық үлгіде құрастырылып, монтаждалып іске қосылып, науқастарды емдей бастады. «ЗИЛ» автокөлігіне орналастырылған «Казахстан-МТ» барокамерасы және «АН-2» ұшағына орналастырылған «Отырар ұшқыны» атты баро камерасы облысымыздың шалғай аудандарына шығып халыққа көмек көрсете бастады. Аталған орталықты көруге 1987 жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ат басын бұрып, істелініп жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп кетті.
Баро-орталықтың ғылыми-зерттеу лабораториясында науқастарды дені сау адамдармен салыстыру мақсатында Шымкент қаласының «Мелиоратор» атты футбол командасы мүшелерінің ағзаларына функциональды-лабораториялық зерттеулер жүргізіп, қалыпты жағдайдағы ағзаның физиологиялық параметрлер тізбегі жасалынып, ғылыми қызметкерлердің жұмыстары жандана бастады.
Ол ғылыми зерттеу жұмыстарымен қатар тәжірибелік жұмыстардан қол үзген жоқ. 1983-1989 жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жаңадан ашылған шаруашылық-есептік тіс емханасында жалпы дәрігер -стоматолог болып қызмет істеді.1989-1991 жылдары қалалық стоматология емханасында хирург- стоматолог болып жұмыс істеді.1991-1998 жылдар аралығында «Фосфор»АҚ стоматологиялық емханасының меңгерушісі және зауыт емханасының бас дәрігерінің орынбасары болып қызмет атқарды.1998жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы ректорының шақыруымен қалыпты анатомия кафедрасының доцент міндетін атқарушысы болып жұмыс істеді, сонан соң 2000 жылы стоматология факультетін ашуға ықпал жасаушылардың бірегейі болып, ашылған факультеттің алғашқы деканы, курс , кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды.2003-2004оқу жылдары «Мирас» университетінде стоматология департаментінің доцент міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. 2007-2008 жылдары Мұхтар Әмзебекұлы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының стоматология факультеті мен медицина колледжін бітірушілердің Мемлекеттік аттестация комиссиясының төрағасы болып тағайындалды. 2009 - 2013 жылдар арасында Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент филиалының стоматологиялық пәндер кафедрасын басқарды .2013-2014 оқу жылы Университеттің ректоры Л.Ташимов мырзаның шақыруымен Мухтар Әмзебекұлы Түркістан қаласында Университеттің медицина факультеті құрамында «Стоматология» мамандығы бойынша кафедраның ОПҚ құрамын ұйымдастырып , Шымкент ,Түркістан қалаларында мамандыққа оңтайландырылған фантомдық лабораториялар мен стоматологиялық клиникалардың ашылуына тікелей басшылық жасап ,кафедра ұжымымен бірлесе отырып қазіргі таңда 1000 -нан астам дәрігер- стоматолог мамандарын дайындады. 40-тан астам ғылыми еңбектері жарық көрді. Көптеген халықаралық деңгейдегі конгресстер мен конференциялар және съ ездер делегаты. Екі ғылым кандидатына және 1 Рd докторантына рецензент,2 магистранттың ғылыми жетекшісі болып тағайындалып ,аталған ізденушілер толығымен диссертацияларын ойдағыдай қорғап шықты. 2011 -2014 жылдар арасында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің жарлығымен медициналық және фармацевтикалық қызметтің сапасын тексеру комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аккредиттелген тәуелсіз сарапшысы болып қосымша қызмет істеді.. Жоғарғы санатты дәрігер-стоматолог. 2005 жылы Қазақстан стоматологтар ассоциациясы қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен және стоматологиялық кадрлар дайындаудағы ерен еңбегі үшін алтын ,күміс төс белгісімен жәнеде осы аталған бірлестіктің «Абырой»,»Қазақстан стоматологиясының үздігі» номинациялары бойынша 2020-2021 жылдары төс белгілерімен марапатталды. Облыстық, университет шеңберіндегі құрмет грамоталар иегері . Үш баланың әкесі. Ұлы мен қызы дәрігер – стоматологтар, қазіргі таңда халыққа қызмет көрсетуде Өзі спортшы, жастайынан қазақша күрес, самбо, гимнастика, бокс, каратэмен шұғылданған. Еркін күрестен мастерлікке кандидат. Парашют спортынан 1 дәрежелі спортшы. 2014 жылы самбо күресінен егде жастағы «спорт шеберлері» арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында 82 келі салмақ дәрежесінде күміс медальды иемденді.Сол жылы Университет шеңберінде ұйымдастырылған оқытушы профессорлар құрамы мен әкімшілік қызметкерлері арасында «Тұран дауысы» әншілер байқауына қатысып Ермек Серкебаев номинациясының жүлдегері атанып , дипломмен марапатталды.Егемендігіміздің 26 жылдығына орай жас ұрпаққа білім,ғылым және тәрбие берудегі ерен еңбектері үшін 2017 жылы «Ұлағатты ұстаз» номинациясы бойынша төс белгісімен марапатталды.2020 жылы пандемия кезінде Мухтар Әмзебекұлы Университеттің клиника диагностикалық орталығында жас өспірімдер мен жүкті әйелдердің ауыз қуысы ауруларын емдеу және профилактикалық шараларды жүргізуі барысында ковид ауруына шалдығып ,ауыр қалде ауруханада емделіп сауығып шықты. Мұхтар Әмзебекұлы алғашқы егеменді еліміздің Оңтүстік өңіріндегі стоматология багыты бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарымен түбегейлі айналысып, пародонтология ғылымында алғашқы жаңалық ашқан ғалымдардың бірегейі