Өмірбаян
1984 жылы, 19 қаңтарда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, қазіргі Машбек ауылында дүниеге келген. 2001 жылы 196 орта мектепті бітіріп Атымтай шаруа қожалығында жұмысшы болып жұмыс жасаған. 2003-2007 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде “Физика және информатика пәнінің мұғалімі” мамандығы бойынша білім алған. 2007-2010 жылдар аралығында N196 орта мектепте Физика және информатика пәнінің мұғалімі қызметін атқарған. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ да 2010-2012 жылдары аралығында 6М011000-Физика мамандығы бойынша магистрант, 2012-2014 жылдары оқытушы, 2014-2017 жылдары 6D011000-Физика мамандығы бойынша докторант, 2017 жылдан бері оқытушы қызметін атқарып келеді. Қазіргі уақытта PhD, аға оқытушы.
Оқу ақпараттары:
-
N196 орта мектеп
Орта мектеп -
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Бакалавр -
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Магистратура -
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
PhD (Докторантура)


