❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
team
Исаев Ғани Исаұлы
Ғылым кандидаты, Доцент
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат атауы
3-оқу ғимараты
Бөлім
Биология кафедрасы
Кеңсе номері
205

Өмірбаян

Исаев Ғани Исаұлы - техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, ҚазҰЖҒА корреспондент-мүшесі, «Үздік ғылыми қызметкер» атағының иегері 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында туылған, ұлты қазақ, жоғары білімді. Ғылыми-педагогикалық саладағы жұмыс өтілі 19 жыл.2005 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің экология факультетінің 030340-Химия және биология мамандығын бітірді. 2007 жылы осы оқу орнында 6N0113-Биология мамандығы бойынша магистратураны үздік бітірді. Ғ.И.Исаев педагогикалық қызметте мұғалім, колледж директорының орынбасары, колледж директоры болып, ал жоғары оқу орындарында магистр оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (ОҚМПИ), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 2014 жылдың 31 желтоқсан күнгі №1-346 бұйрығымен №4 Ғылыми кеңестің шешіміне сәйкес қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, Жаратылыстану факультетінің деканы (ОҚМПИ), Әкімшілік және шаруашылық істері жөніндегі проректор, Ғылыми істер жөніндегі проректор (ОҚМПИ) қызметтерін абыроймен атқарған. Қазіргі таңда Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде кафедра меңгеруші қызметінде. 2010 жылы 25.00.36-геоэкология мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде қорғаған. 2024 жылдың 30 қазан күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының №993 бұйрығымен 10400-Жер және қоршаған ортаны қорғау ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.Ғ.И.Исаев өзін инновациялық технологияларды еркін меңгерген жаңашыл ұстаз ретінде көрсетіп келеді.Бүгінгі таңда 100 ғылыми еңбектің, соның ішінде Thomson Reuters базасына енетін импакт-факторлы, скопус базасындағы, Life Science Journal журналында жарияланған 19 мақаланың, 2 патенттің, 1 авторлық кәліктің, 3 монографияның, 8 оқу құралдың, 1 электронды оқулықтың авторы, 1 ғылыми жобаға жетекшіcі, 4 гранттық жобаның орындаушысы.Түркістан қаласы әкімінің бірнеше алғыс хаттарымен, ОҚМПИ ректорының алғыс хаты, «Qurmet» қоғамдық бірлестігінің «Білім беру ісінің үздігі» медалімен 2014ж,  «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері 2019ж, «Үздік ғылым қызметкері» атағымен 2019ж қыркүйекте  марапатталған.  

Баскару қызметтері

Кафедра меңгерушісі
Бөлім Биология кафедрасы
Kısa Bilgi Кафедра меңгерушісі, Ғылым кандидаты, Доцент

Оқу ақпараттары:

  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
    Доцент
  • МКТУ
    Бакалавр
  • МКТУ
    Магистратура
  • Сәтбаев атындағы ҚҰЗТУ
    Ғылым кандидаты

Ғылыми метрикалар

ORCID
ORCID ID https://orcid.org/0000-0001-5120-8387
Тағылымдама / Сертификат:
  • Жасанды Интеллект (2025 г.)
  • Инклюзивті білім беру (2024 г.)
  • Мектепте биологияны оқытудың инновациялық әдістері (2024 г.)
  • Эволюциялық биология (2024 г.)
  • ЖОО-да биологияны оқыту әдстері (2024 г.)
  • "Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту" (2024 г.)
  • Инклюзивті білім беру (2020 г.)
  • Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша сабақ беру және бағалау (2020 г.)
  • Мектеп жаңаруын ғылыми-педагогикалық сүйемелдеу (2020 г.)
  • ЖОО-да Биологияны оқытудың әдістемесі (2019 г.)
  • Биология (2019 г.)
  • Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар (2019 г.)
  • Білім беру менеджменті (2019 г.)