Профилактикалық медицина және стоматологиялық пәндер кафедрасы
№
Өмірбаян
Мен Тасбулатов Нургелди Кенжебаевич 29.05.1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров ауданы (қазіргі Жетісай ауданы), Ынтымақ елді мекені, Социализм ауылында дүниеге келдім. Алдымен “Социализм” атындағы сегіз жылдық мектептң содан кейін, № 54 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепті бітірдім. 1993-1998 жылдары аралығында С.Д Асфендияров атындағы Қазақ Мемлекеттік Медицина университетінің стоматология факультетінде оқыдым. Жұмыс жолын 1998 жылы Асық ата кентінде орналасқан “Бақтыбай” жеке стоматологиялық емханасында дәрігер стоматолог болып жұмыс жасадым. 1999- 2001 жылдар арлығында “Жетісай медициналық колледжінде”, 2001-2002 жылдар аралығында “Жанықұл” жекеменшік медициналық колледжінде оқытушы қызмет атқардым. 2004-2009 жылдар арлығында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы, Педиатрия және стоматология факультеті, терапиялық стоматология және ортопедиялық стоматология курсымен кафедрасында ассистентті, оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметін атқардым. 2009 жылдан бастап қазірге дейін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Профилактикалық медицина және стоматологиялық пәндер кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі м.а және 2009-2023 жылдар аралығында факуьтет декан орынбасары қызметін атқардым.
Білімі туралы ақпарат
Оқу орны
Қазақ Мемлекеттік Медицина Университеті
Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті
Сертификаттар
Инклюзивті білім беру (2020 г.)
Жоғары оқу орнындағы білім беру менеджменті (2020 г.)
Стоматологиядағы өзекті мәселелер (2020 г.)
Ортопедиялық стоматология және ортодониядағы өзекті сұрақтары (2020 г.)
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша сабақ беру (2020 г.)
Жоғары оқу орындарында оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары (2019 г.)