❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
team
Казбекова Кенжетай
Ғылым кандидаты, Доцент
Телефон
Электрондық пошта
Ғимарат атауы
Омарали медицина орталығы
Бөлім
Жалпы дәрігерлік практика № 1 кафедрасы
13

Өмірбаян

Өмірбаян Мен, Казбекова Кенжетай  1949 жылы 06 маусымда  Жамбыл облысы Меркі ауданында дүниеге келдім.8 сыныпты бітіргеннен кейін медициналық училищеге түсіп,  1967 жылы үздік белгімен бітірдім. 1967 жылдан 1970 жылға дейін медбике болып жұмыс істедім. 1970 жылы Семей қаласындағы Семей мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, 1976 жылы бітірдім. 1976-1977 ж. интернатура өттім.1977-1987 жылдары ЖМКА (БСМП) кардиолог болып жұмыс істедім.1988 жылдан 1996 жылға дейін "Фосфор" МСБ кардиолог болып жұмыс атқардым.1996 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ медицина факультетінде жұмыс атқарып келемін. 2002 жылы  кандидаттық диссертация қорғадым, 2007 жылы доцент атағын алдым.Біліктілікті арттыру курстары арқылы білімімді үздіксіз арттырып келемін, кардиология және электрокардиография бойынша  курстар өткіземін.60-тан астам ғылыми мақалаларым жарық көрді, 2 оқулық және электрокардиография бойынша атлас мемлекеттік тілде жазылды, олар республикалық оқу-әдістемелік кеңестің кардиология институтынан оң пікірге ие болып, ҚР барлық жоғары оқу орындарына оқулық ретінде ұсынылды.Марапаттары: ХҚТУ-нің 25 жылдығы және  ХҚТУ-нің 30 жылдығына арналған медальдарымен, Қ.А. Ясауи-дің 1500 жылдығына орай «Ұлағатты ұстаз» арналған медалмен марапатталдым.

Білімі туралы ақпарат

Оқу орны

  • Семей мемлекеттік медицина институты
  • Шымкент облыстық денсаулық сақтау бөлімі
  • Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
  • Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті

Сертификаттар

  • Маман сертификат (2024 г.)
  • Жалпы дәрігерлік практиканың өзекті мәселелері (2023 г.)
  • Инклюзивті білім беру (2020 г.)
  • Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша сабақ беру және бағалау (2020 г.)
  • Жалпы дәрігерлік практика (2018 г.)

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.