


аға оқытушы Ғылым кандидаты, Маймаков Ануарбек Абдибекович
Мен, Маймаков Ануарбек Абдибекович 1956 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Дәу-Баба ауылында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ.
1981 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітіргеннен кейін еңбек жолын №2 Чимкент қалалық балалар ауруханасында бастадым. 1984-1985 жылдары - облыстық кәсіподақ комитетінің сенімді дәрігері қызметін, ал 1985-1989 жылдары - Шымкент қаласындағы №2 балалар емханасының меңгерушісі қызметін;
1989-1992 жылдары арасында Шымкент қаласындағы №3 балалар медициналық бірлестігінің бас дәрігері;
1992-1999 жылдары арасында - Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары;
1999 жылдан 200 жылға дейін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы қызметінде, ал 2001-2003 жылдары - қалалық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері;
2003-2007 жылдары - Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері. 2007 жылдың тамыз-желтоқсан айлары аралығында Сарыағаш аудандық медицина бірлестігінің меңгерушісі;
2008-2009 жылдары - Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы. 2009 жылдың шілдесінен 2019 жылдың шілдесіне дейін облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері қызметтерін атқардым.