Материал на стадии перевода

Таяуда Қ.Сәтпаев қаласында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесіне арналған Түркі халықтарының ұлттық зияткерлік тоғызқұмалақ ойынынан халықаралық спорттық жарыс өткізілді.

Спорттық додаға Республикамыздың 12 облысынан және Түркия, Түркменстан, Ауғанстан, Ресей, Қырғызстан және Моңғолия елдерінен спортшылар қатысты. Аталған Халықаралық жарыста оқу ордамыздан Түркиялық Шахин Мексерке, Ресейлік Светлана Иванова, Түркменстандық Гүлалок Якубова және Ауғанстандық Мурсалин Димрал есімді студенттеріміз бақ сынады.

Университет білімгерлерін ұлттық спортқа баулып жүрген бапкер, «Дінтану» кафедрасының оқытушысы, Халықаралық дәрежедегі төреші Қашымхан Боранбайұлы шәкірттерін бастап барған болатын.

Дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығының президенті Алихан Байменов жүлдегерлер мен шетелдік қонақтарға бағалы сыйлықтар табыстап, сый-сияпат жасады. Ауғаныстандық студентіміз Мурсалин Димрал Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа арналған өз тілегін өлеңмен жеткізіп, жиналған көпшіліктің ықыласына бөленді.

Ақпарат орталығы