Жетібаев К.М. 1958 жылы 7 сәуірде ОңтүстікҚазақстан облысы, Түркістан ауданына қарасты,Сауран селосында дүниеге келген.1965-1975 жылдары Түркістан ауданы, Майдамталелді мекеніндегі «ХХ партсъезд» атындағы ортамектепті бітірді. 1976-1978 жылдары Қиыр Шығыстаәскер қатарында болды. 1979 жылы Алматықаласындағы Абай атындағы КазПИ-дің дайындықбөліміне түсіп, 1980 жылы аты аталған институттыңтарих факультетінің тарих және құқық негіздерімамандығын оқып, 1985 жылы үздікке бітірді.2013-2015 жылдары М.Әуезов атындағыОңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің«Құқықтану» мамандығын да үздікке бітіреді.1985-1988 жылдары Темірлан селосындағы Амангелді орта мектебіндетарих және құқық негіздері сабағынан мұғалім болып қызметін бастайды.1988-1993 жылдары Түркістан қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағыпедагогикалық училищеде тарих және құқық негіздері пәндерінен мұғалімжәне директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.1993-2002 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралыққазақ-түрік университетінің заң факультетінде «Мемлекеттік құқықтықпәндер» кафедрасының оқытушысы, доценті және профессор қызметіндежүріп, заң факультетінің деканы қызметін уақытша атқарды.2002-2005 жылдары «Қылмыстық құқық, іс жүргізу жәнекриминология» кафедрасының меңгерушісі.2005-2014 жылдары тарих-педагогика факультетінің деканы қызметінатқарды.2014-2015 оқу жылында Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруинститутының директоры қызметінде болды.2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Археология ғылыми-зерттеуинститутының директоры қызметіне тағайындалды. Университет ғылыми-техникалық Кеңесі мен Университет Сенатының мүшесі.1996 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттықмемлекеттік педагогикалық университеті жанындағы тарих ғылымдарыныңкандидаты ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесінде«Қазақстандағы ауыл - село мұғалімдерінің мәдени қызметі және кадрлықөсуі (ХХ-дың 60-80 ж.ж ) » атты тақырыпта кандидаттық диссертацияқорғады.2002 жылы Қазақстан Республикасы ЖАК-нен құқықтану мамандығыбойынша доцент ғылыми атағын алды.2007 жылдың қараша айынан бастап университет профессоры ғылымиатағы берілді.1993 жылдан бүгінгі күнге дейін 160-тан астам ғылыми мақаласыжарық көрді. 2007 жылы Алматы қаласынан « Қазақ мұғалімі », «Сығанақжәдігерлері» және «Тарихи-мәдени мұра-Сығанақ қалашығы»тақырыбында3 монографиясы жарыққа шықты, 3 оқу-әдістемелік нұсқау, заңмамандықтары мен тарих студенттеріне арналған «Шетел мемлекеттерініңқұқығы мен тарихы», «Қазақстан мемлектеті мен құқығы тарихы», «Саясиқұқық оқу тарихы», «Всеобщая история государства и права», «Историягосударства и права респбулики Казахстан», «Құқық негіздері», «Қазіргіпедагогикалық технологиялар» атты 7 оқу құралы баспадан шықты және«Болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің әдіс-тәсілдері» атты оқу-әдістемелік құралы оқу үдерісінде пайдалануда.К.М.Жетібаевтың бірнеше ғылыми мақалалары АҚШ, Египет, Қытай,Түркия, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан жерлерінде жарық көрді. Оқуүдерісі мен әдістемелік бағыт аясында Түркия және Англия елдерінде болыпқайтқан.30-дан астам Халықаралық және Республикалық ғылымиконференцияларға қатысқан. 2004 жылдан бастап өзінің ғылыми бағытыбойынша «Ежелгі және ортағасыр жәдігерлерін жалпы көпшілікке ұсынуаясында» және «Қазақстандағы интеллигенцияның қалыптасуы» бағытындабірнеше ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізуде.Ғалымның негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары:- мұғалім интеллигенциясының қалыптасуы және дамуы барысы;- тарих және археология саласының қалыптасуы мен барысы;- тарих, тарихнама, деректану және археология саласында ғылымиізденістер жасау;1. 2013 ж.«Құрмет» қоғамдық бірлестігінен «Мінсіз еңбегі» үшінтөсбелгісімен.2. 2014 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегіүшін» төсбелгісімен.3. 2016 ж. ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл мерекесіне орай «25 жылдық»төсбелгісімен4. 2016 ж. Қожа Ахмет Ясауидің 850 жылдық мерекесіне орай «Ясауи»төсбелгісімен5. 2018 ж. Қ.А.Ясауи университетінен «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен.6. Сәкен Сейфуллин атындағы қоғамдық қорынан «Сәкен Сейфуллин 125жыл» төсбелгісімен7. 2022 ж. Сауран ауданынының «Ауданға сіңірген еңбегі үшін»төсбелгісімен8. 2022ж. Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегіүшін төсбелгісімен9. 2022ж. Қожа Ахмет Ясауи университетінің 30 жылдық мерекесіне орай «30жылдық» төсбелгісімен10. 2021 ж. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігініңАлғыс хаты11.2023ж. 11 сәуір. ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігінің ҚазақстанРеспубликасының ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін «ҒЫЛЫМДЫДАМЫТУҒА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» төсбелгісімен марапатталды12. Білім саласындағы қажырлы еңбегі үшін бірнеше Аманат партиясынан,университет әкімшілігі тарапынан марапаттауларға ие.
Административные обязанности
Наименование подразделения:
Научно-исследовательский институт Археологии
:
Член сената, Археология ҒЗИ директоры, т.ғ.к., профессор
Информация об обучении:
Абай атындағы Қазақ педагогика институты Бакалавр
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Бакалавр (2 года)
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті сенаты Профессор