❝Учение - это свет для сердца и свет для разума.❞
     Ахмед Ясави
team
преподаватель Магистр , Алмазұлы Шыназ

телефон:
Электронная почта:
shynaz.almazuly@ayu.edu.kz
№:

Алмазұлы Шыназ
Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында қаласында 1993 жылы 5-ші ақпанда дүниеге келген. Бірінші сыныпқа Шымкент қаласы «Ұлағат» жеке мектепке 1999 жылы барған. 3-ші сыныпқа дейін сол мектепте қазақ сыныбында дәріс алып, 3-ші сыныптан бастап Шымкент қаласы Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясына ауысып, 10-шы сыныптан бастап Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы республикалық дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатты 11-ші сыныпты 2010 жылы тәмәмдаған.
2010 жылы Алматы қаласындығы, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіне, шығыстану факултетіне, 5В021000- Шет ел филологиясы мамандығы бойынша оқуға қабылданған.
2014 жылы 4-жылдық оқуды аяқтап аталған мамандық бойынша бакалавр дәрежесін алған.
2015 жылдың қаңтар айынан бастап Шымкент қаласында орналасқан «Облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде» экскурсия жүргізуші болып жұмыс істеді..
2016-2022 жж аралығында «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайына» археология және тарихи ескерткіштерді қорғау ғылыми-зерттеу бөліміне ғылыми инженер, археология бөлімінде ғылыми қызметкер лауазымын атқарған.  
2019 жылы Түркістан қаласындығы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, тарих факультетін, 6М020300- Тарих мамандығы бойынша магистр.
Үйленбеген. Қазіргі таңда Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті, Тарих кафедрасында оқытушы. 

Напишите нам

Вы можете отправить нам сообщение, заполнив форму ниже.