Биография
Дүйсенова Жамила Қалымбетқызы 06.10.1968 жылы қазіргі Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Амансай аулында дүниеге келді. 1983-1987 жылдар аралығында Тараз қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищені “Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі тәрбие” мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітіріп шықты. 01.07.1987 жылы Алғабас ауданы, 22-партъсезд совхозындағы “Аленушка” балалар бақшасына жұмысқа орналасты. 01.09.87 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтының “Педагогика және психология” (мектеп жасына дейінгі) мамандығы бойынша оқуға түсіп, 05.07.1991 жылы бітіріп шықты. Жолдама бойынша 01.09.91 жылы Тараз қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищеге “Педагогика және психология” пәндерінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. 01.09.1992 жылы Шымкент қаласындағы Әль-Фараби атындағы Мәдениет институтына “Педагогика және психология” пәнінің оқытушысы болып жұмысқа қабылданды. 1998жылы М.Ауезов атындағы ОҚМУ-не қосылуына байланысты осы университеттің “Психология” кафедрасына ауыстырылды. Отбасы жағдайына байланысты 01.09.2004 жылыТүркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, “Педагогика және психология” кафедрасына “Педагогика және психология” пәні оқытушысы болып жұмысқа қабылданды. Бүгінгі таңда аталған университеттің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті, Педагогика және психология кафедрасыныда магист, аға оқытушы, ХҚТУ доценті болып қызмет атқарады.
Информация об обучении:
-
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Доцент -
Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті
Магистратура -
Kazak Devlet Kızları PI
Бакалавр


