❝Öğretim kalp için ışık, akıl için ışıktır.❞
     Ahmet Yesevi
team
Tazhibayev Rashid Ibragimovich
Dr., Kıdemli Okutman
Телефон
Bina Adı
Ректорат
Birim
Uluslararası İlişkiler Bölümü
Oda No
428

Biyografi

Мен Тажибаев Рашид Ибрагимұлы Қазақстанның Қызылорда қаласында 1968 жылы қаңтардың 6-сында дүниеге келдім. Қызылорда қаласындағы №212 мектебін бітірдім. 1991 жылы Түркияға барып Стамбұл Университеті Әдебиет Факультеті Тарих бөліміне түсіп, бұл оқу орнын 1995 жылы үздік бітіріп шықтым. Дәл сол жылы Стамбұл Университеті Әлеуметтік Білімдер институты Тарих Ғылым саласының магистрлік сынағын ойдағыдай тапсырып, 1997 жылы «1991-1996 жылдарындағы Түркия-Қазақстан қарым-қатынасы» магистрлік диссертациялық жұмысымды сәтті қорғап шықтым. 1997 жылында дәл сол университет пен институттың дәл сол ғылым саласының докторантура бағдарламасына түстім. Осы бағдарлама кезінде «Кеңес Одағының деректерi бойынша Түркия-Кеңес Одағы қарым-қатынастары (1925-1945)» диссертациясын дайындап, оны ойдағыдай қорғап шықтым.2002-2003 жылдары Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде(Алматы) Шығыстану кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істедім. 2003-2004 жылдары «Руханият» халықаралық қазақ-араб университетінде (Алматы) аға оқытушы болып жұмыс істедім. 2004-2005 жылдары Қазақ экономика және консалтинг университеті (Алматы). «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқардым. 2004-2007 жылдар Түркі Тілдес Елдердің Байланысын Зерттеу Институтында (Алматы) аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқардым. 2007 жылдан бүгінгі күнге дейін Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да Экономика, басқару және құқық факультеті «Халықаралық қатынастар» кафедрасының доцент міндетін атқарушы, PhD докторы.Түркияда «Қызыл алаңнан Таксимге дейін» («Kızıl Meydan’dan Taksim’e» İstanbul 2004) атты монографиялық кітабым жарық көрді. Қазақстанда «Дипломатиялық құжаттама» атты оқу құралы 2015 жылы, “Халықаралық саясат”, Оқулық, Қарағанды («Sky Systems» баспасы, 2024)  жарық көрді. Сондай-ақ алыс, жақын шетелде және Қазақстанда 80-ге жуық мақалам жарық көрді. Бүгінгі күні Түркістандағы Қ.Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетінде «Халықаралық қатынастар» кафедрасында доцент міндетін атқарушы, PhD докторы ретінде еңбек етудемін. Білім беру, ғылым мен тәрбие салаларында атқарған жұмыстарым бойынша университет қабырғасында алған бірнеше марапаттарым бар. «Халықаралық саясат», «Дипломатия және консулдық қызмет», «Дипломатиялық келіссөздер жүргізу техникасы», «Дипломатиялық құжаттама», «Киберқауіпсіздік», «Көпжақты дипломатия», «Геосаясат негіздері», «Академиялық жазбаға кіріспе» пәндері бойынша бакалавр деңгейіндегі білім алушыларға дәріс жүргіземін. 

Eğitim Bilgileri

Eğitim

  • İstanbul ünüversitesi
  • İstanbul üniversitesi
  • İstanbul üniversitesi
  • Ahmet Yesevi universitesi

Sertifikalar

  • Certificate (2024 г.)
  • Проблеманы тиімді шешу және шешім қабылдау (2024 г.)
  • Speaking to inform: Discussing complex ideas with clear explanations and dynamic slides (2024 г.)
  • Türkçe yeterlik belgesi (2023 г.)

Bize Yazın

Aşağıdaki formu doldurarak bize mesaj gönderebilirsiniz.