Өмірбаян Куралбаева Алия Ахметкаримовна 1984 жылы 1 ақпанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қандөз елді мекенінде дүниеге келген. Ұлты қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы. 2001 жылы Қандөз ауылындағы № 240 мектепті бітіргеннен кейін, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша 2001-2005 оқу жылдар аралығында бакалавр білімін тәмамдаған. Аталған жоғары оқу орнының 6N0103 – «Педагогика және психология» мамандығына 2005 жылы түсіп, 2007 жылы оқу жоспарын толық аяқтай отырып, магистр академиялық дәрежесін алды. 2011 жылы білімін одан әрі жетілдіру үшін 6D010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша докторантураға оқуға түсіп, 2014 жылдың қараша айының 20 жұлдызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы 6D010000 – Білім (гуманитарлық ғылымдар) диссертациялық кеңесінде 6D010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы PhD ғылыми дәрежесін алу үшін «Бастауыш сынып пәндерін интеграциялау негізінде білім сапасын арттыру» тақырыбындағы диссертациясы қорғап, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алған. 2016-2018 оқу жылдарында «Білім технологиялары» кафедрасында кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Талмай ізденушілігінің арқасында Түркия Республикасының Түркия зерттеу стипендиялары (Turkiye araştırma bursları) бағдарламасы аясында зерттеу грантын жеңіп алып, 01.09.2018-01.09.2019 ж. аралығында «Түркия мен Қазақстанның бастауыш мектептеріндегі ана тілі оқулықтарын салыстырмалы зерттеу» тақырыбында зерттеу жүргізіп, постдокторантураны тәмәмдаған.Қазіргі таңда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде қауымдастырылған профессор міндетін атқарып, студенттерге білім беуде.Куралбаева Алия Ахметкаримовна Қазақстанның педагогикалық академиясының ғылыми қауымдастығының мүшесі (25.01.2016ж. Куәлік №203) және Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондент-мүшесі (29.03.2016 ж. Диплом №8718), сондай-ақ «Қазақстан ұстазы» қоғамының мүшесі, фраг белгісі иегері (Куәлік №0109/24994), «Anadolu Kültürel Araştırmalar Dergisi» (ANKAD) журналының редакторлар кеңесінің мүшесі. Педагогикалық қызмет ету барысында 100-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектер жариялаған. h-index: 2-ге тең.
İdari Görevler
Dekan
Bölüm
Pedagoji ve Psikoloji Bölümü
Kısa Bilgi
Dekan, Dr., Doç.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы, ф.ғ.к, доцент
Bölüm
Pedagoji ve Psikoloji Bölümü
Kısa Bilgi
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы, ф.ғ.к, доцент, Dr., Doç.
Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің деканы, PhD, доцент
Bölüm
Pedagoji ve Psikoloji Bölümü
Kısa Bilgi
Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің деканы, PhD, доцент, Dr., Doç.
Факультет кеңесінің төрағасы
Bölüm
Pedagoji ve Psikoloji Bölümü
Kısa Bilgi
Факультет кеңесінің төрағасы, Dr., Doç.
Öğrenim Bilgileri:
Hoca Akhmet Yassawi Uluslararası Kazak-Türk Üniversitesi Lisans
Hoca Akhmet Yassawi Uluslararası Kazak-Türk Üniversitesi Yüksek Lisans
Hoca Akhmet Yassawi Uluslararası Kazak-Türk Üniversitesi Doktora