❝Öğretim kalp için ışık, akıl için ışıktır.❞
     Ahmet Yesevi
team
Şalabaeva Zhanar Süiındıkqyzy
Телефон
Bina
Bölüm
Temel Eğitim (Okul Öncesi ve Sınıf Öğretmenliği) Bölümü
Oda No
125

Biyografi

Өмірбаян

 

 

         Шалабаева Жанар Сүйіндікқызы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Тасты ауылында 1979 жылы 30 қазан күні дүниеге келген. 1986-1996 жылдар аралығында Созақ ауданы, Тасты ауылында Абай атындағы жалпы орта мектепте білім алған. 1996-1999ж. Түркістан қаласындағы Түркістан гуманитарлық техникалық коллежінде, Бастауыш сыныптар мұғалімі біліктілігін алған. 1999-2003 жылдар арасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Филолог, қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы біліктілігін алған. 2003-2005 жылдар аралығында Қазақ - өзбек инженерлік гуманитарлық университеті, Бастауыш сыныптар мұғалімі біліктілігін алған. 2006-2008 жылдар аралығында ХҚТУ Бастауыш сыныпты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі магистрі 2003-2005ж. Қазақ - өзбек инженерлік гуманитарлық университеті, оқытушы болып өз қызметін бастаған. 2005-2006 Түркістан педагогикалық инстуты, аға оқытушы; 2006-2008 жж.Халықаралық Гуманитарлық-техникалық университеті аға оқытушы; 2017 Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық  қазақ-түрік университеті, аға оқытушы; 2014-2016жылдар арасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша біліктілік алған. 2017-2020 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлкеттік университеті, 6D010200 – Бастауышта  оқыту педагогикасы және әдістемесі мамандығы докторанты; 2020 Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық  қазақ-түрік университеті, аға оқытушы болып өз қызметін жалғастыруда. 

  Өз білімін үздіксіз жаңартып толықтырып отырады. Ізденіс үстінде жүреді. Оқытушылық қызметі барысында төмендегідей жетістіктерге жеткен:

1.ХҚТУ «Жыл тәлімгері-2009» Диплом 

2.  5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі  мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ІҮ Республикалық пәндік олимпадасы командасы 1 орын  Тараз қаласы. 2011ж.

3. 5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің  Ү Республикалық пәндік олимпадасы командасы 1 орын  Түркістан қаласы.2012ж.

4. 5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің  ІХ Республикалық пәндік олимпадасы командасы 2 орын  Қарағанды қаласы.2017ж.

5. 5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің  Х Республикалық пәндік олимпадасы командасы 2 орын  Алматы қаласы.2018ж.

6. 5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің  ІҮ Республикалық пәндік олимпадасы командасы 2 орын  Алматы қаласы.

7. ҚР тұңғыш Президент қоры сыйлығының иегері «Бастауыш білім беру педагогикасы» олипадасының 1 дәрежелі диплом иегері.

   Ғылым жолында өз үлесін қосып 2 оқу құралы, 2 оқу әдістемелік құралы, 16 ғылми ЖАК журналында мақалары,  40 астам баяндамансы жарық көрген.

    Шалабаева Жанар Сүйіндікқызы 2001 жылы отбасын құрған. Жолдасы, 6 қызы 2 немерем бар. Батыр ана иегері. 

Seviye

Yükseklisans, Kıdemli Okutman

Eğitim

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі

Sertifikalar

  • Certificate (2024 г.)
  • Certificate (2024 г.)
  • Certificate (2022 г.)
  • Certificate (2020 г.)

Bize Yazın

Aşağıdaki formu doldurarak bize mesaj gönderebilirsiniz.