«Big Data in Clinical Medicine» ғылыми зертханасы
Мақсаты:
Клиникалық деректердің үлкен көлемін (Big Data) талдау және жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы ауруларды ерте диагностикалау, клиникалық шешім қабылдау сапасын арттыру және медициналық көмекті жекелендіруді дамыту, сонымен қатар үлкен көлемдегі ғылыми деректер қорымен жұмыс жасап, статистикалық өңдеулер жүргізу үшін оңтайландыру.
Міндеттері:
- Электрондық медициналық жазбалар, бейнелеу деректері, лабораториялық көрсеткіштер және геномдық ақпарат негізінде деректер қорын қалыптастыру және басқару;
- Машиналық оқыту және терең оқыту алгоритмдерін қолдана отырып, ауруларды болжау және диагностикалық модельдер әзірлеу;
- Клиникалық шешімді қолдау жүйелерін (Clinical Decision Support Systems) құру және жетілдіру;
- Медициналық бейнелерді (МРТ, КТ, рентген, УДЗ) автоматтандырылған талдау әдістерін дамыту;
- Аурулардың қауіп факторларын, ағымын және ем нәтижелерін модельдеу;
- Персоналдандырылған медицина мен дәл медицина (precision medicine) қағидаттарын іске асыруға үлес қосу;
- Медициналық деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз ету;
- Денсаулық сақтау саласына инновациялық цифрлық технологияларды енгізу;
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және жас мамандарды Big Data мен AI технологиялары бойынша даярлау.
Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2026 конкурсына үміткерлер тізімі
ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 