Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті факультеттеріне Декан лауазымына конкурс жариялайды
ХАБАРЛАНДЫРУ
2026-2027 оқу жылына Қазақстан Республикасы, Түркістан қ., 29В Саттарханов даңғылы мекен-жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесі факультеттерге декан лауазымына конкурс жариялайды.
№ | Факультет атауы | Қызметі | Штат бірлігі |
1 | Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті | Декан | 1,0 |
| 2 | Спорт факультеті | Декан | 1,0 |
| 3 | Инженерия факультеті | Декан | 1,0 |
| 4 | Экономика және басқару факультеті | Декан | 1,0 |
Біліктілік талаптары:
-Факультет деканы қызметіне жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (педагогикалық немесе кәсіби)
-Ғылыми дәрежесі (“ғылым кандидаты”, “ғылым докторы”, ғылыми дәрежесі, “фисософия докоры (PhD/бейіні бойынша доктор")
немесе өнер, сәулет, дене шынықтыру және спорт саласында құрметті атағы және (немесе) мемлекеттік наградасы;
-Білім беру ұйымдарында немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл педагогикалық еңбек өтілі.
Білуі тиіс:
-ҚР «Білім туралы» заңын;
-Ғылым туралы» заңын;
-«Тіл туралы» заңын;
-ҚР «Еңбек кодексін»
-ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын;
-Халықаралық ИСО 9001 стандартын және аккредиттеу талаптарын;
-Жоғары және кәсіби білім беру жалпы ережелерін,
-ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім беру саласына қатысты нормативті-құқықтық құжаттарын;
-Педагогика,педагогикалық психология негіздерін;
-Оқу іс-шараларын жоспарлау және ұйымдастыру түрлерін;
-Оқу-әдістемелік, ғылыми әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырылуын;
-Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру негіздерін;
-Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын білуі тиіс.
Біліктілік талаптарымен қосымша университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/pedagogikaly_biliktilik_035_2022.pdf сілтеме арқылы танысуға болады.
Қосымша деректер:
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2026 жылдың 24 тамызы, сағат 18.00-ге дейін Ректор атына еркін нысанда өтініш береді.
Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы 29В, Ректорат (103 бөлме)
Өзге қаладан конкурсқа тапсыратын үміткерлер құжаттарды ainur.baltenova@ayu.edu.kz электронды поштасына жіберуге болады.
Қосымша ақпаратты Кадр бөлімінің қызметкері Балтенова Айнур Рахимжановна, 8707-903-97-29 телефондарына хабарласып алуға болады.
Өтінішке қоса мына құжаттар тізімі беріледі:
Университет қызметкерлері:
- Кадрларды есепке алу жөніндегі іс парағы;
- Түйіндеме;
- Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалар;
- Қайта даярлау және біліктілігі арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері;
- Ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі(соңғы үш жыл)
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- Факультеттің дамуының жолдары, даму бағыттары туралы презентация.
Сырттан келген үміткерлер үшін құжаттар тізбесі:
- Кадрларды есепке алу жөніндегі іс парағы;
- Түйіндеме
3. Өмірбаян;
4. Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалар;
5. Қайта даярлау және біліктілігі арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері;
6. Ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі(соңғы үш жыл)
7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Факультеттің дамуының жолдары, даму бағыттары туралы презентация.
Ескерту:
- Жоғарыдағы белгіленген тізімге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбау және өтініштер мен құжаттарды берудің белгіленген мерзімдерін бұзу үміткерді Конкурсқа қатыстырмау үшін негіз болып табылады.
- Конкурс оффлайн форматта өтеді.
III. Халықаралық Симпозиум Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуірінде ғылыми трансформация
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультеті, Дене мәдениеті, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығы, Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті, Тұран баспаханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорттық сауықтыру орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Инженерия факультеті, Жаратылыстану ғылымдары факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті кафедра меңгеруші, оқытушы-профессорлар құрамына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті факультеттеріне Декан лауазымына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сатып алу бөлімі, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды 