Хабарландырулар

  • image image image image
  • shape
    shape

    Хабарландырулар

    Blog Image

    Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультеті, Дене мәдениеті, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығы, Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды

    2026-2027 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.

               Жұмыс орны

               Қызметі

       Шт.б

    1

    Спорт факультеті

    Маман (уақытша орын)

    1,0 ш.б.

    2

    Дене мәдениеті кафедрасы

    Лаборант (уақытша орын)

    1,0 ш.б.

    3

    Түркі халықтарының зияткерлік ойындары (ғылыми-практикалық ) орталығы

    Ұйымдастырушы маман

                1,0шт.б

    4

    Өткізу режимін қадағалау бөлімі

    Кезекші

                 2,0шт.б

    1. Маман қызметіне жоғары білімі бар болуы тиіс
    2.  Лаборант жоғары білімді, компьютерде еркін жұмыс істей алуы тиіс; 
    3. Жоғары білімі (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 2 жыл және/ немесе магистр академиялық дәрежесі, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендегі туралы сертификатының (куәлігінің) бар толуы тиіс;
    4. Орта немесе кәсіби орта білімі, еңбек өтіліне шек қойылмайды, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігін білуі шарт.

    Қажетті құжаттар тізімі:

    1. түйіндеме;
    2. жоғары білім туралы дипломның, көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
    3. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
    4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
    5. наркологиялық ұйымнан анықтама;
    6. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    Қосымша деректер:

    1. Комиссия хатшысы Кадр бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур, электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны: 8701-326-27-79
    2. Бос лауазым конкурсы 5 күнтізбелік күнге жарияланады.
    3. Құжаттарды қабылдау беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты: 2026 жылдың  27 тамыз , сағат 18-00 дейін.

    ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.