Хабарландырулар

  • image image image image
  • shape
    shape

    Хабарландырулар

    «ҚАЗІРГІ БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ: БИОӘРТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ, ЭКОЛОГИЯ, МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ»

    АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

     

    Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    Жаратылыстану ғылымдары факультеті

    Биология кафедрасы

     

    ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, ҒАЛЫМДАР, ЗЕРТТЕУШІЛЕР, ДОКТОРАНТТАР МЕН МАГИСТРАНТТАР!

    «ҚАЗІРГІ БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ: БИОӘРТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ, ЭКОЛОГИЯ,  МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ».

     

    Сіздерді Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жаратылыстану ғылымдары факультеті Биология кафедрасының ұйымдастыруымен  Биология кафедрасының доцент м.а., биология ғылымдарының кандидаты Убайдуллаева Алмагуль Климовнаның 70 жылдық мерейтойы және ғылым мен еңбек тоғысындағы 50 жылдығына арналған «ҚАЗІРГІ БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ: БИОӘРТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ, ЭКОЛОГИЯ,  МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысуға шақырамыз. 

    Конференция қазіргі білім берудің инновациялық әдістері: биоәртүрлілікті сақтау, экология, агробиология, микробиология және биотехнология саласындағы заманауи ғылыми бағыттарды талқылауға, тәжірибе алмасуға және инновациялық шешімдер ұсынуға бағытталған

     

    09- желтоқсан 2026 ж., Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы 

     

    КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ

     

    Биология,  экология, агробиология, микробиология және биотехнология ғылымдары бойынша өзекті мәселелерді талдау, ғылыми қауымдастықтар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және инновациялық технологиялар мен әдістерді таныстыру.

    КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ  БАҒЫТТАРЫ

    Конференцияның мазмұнына сәйкес секция 3 бағытта  өтеді:

    1-секция. Биологиялық білім берудегі инновациялық әдістер және цифрлық технологиялар

    Мазмұны: биологияны оқытудағы инновациялық педагогикалық әдістер, жасанды интеллект (ЖИ), цифрлық білім беру ресурстары, виртуалды зертханалар, жобалық және зерттеуге негізделген оқыту технологиялары.

    2-секция. Микробиология, биотехнология және заманауи агробиологиялық зерттеулердің даму перспективалары

    Мазмұны: микроорганизмдерді зерттеу, молекулалық биология, өсімдік биотехнологиясы, ұлпаларды өсіру (in vitro), генетикалық ресурстарды сақтау, ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологиялар және биотехнологиялық өнімдерді өндіру.

    3-секция.  Биоәртүрлілікті сақтау және экологиялық тұрақты даму

    Мазмұны: биологиялық ресурстарды қорғау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау, климаттың өзгеруіне бейімделу, экологиялық мониторинг, қоршаған ортаны қорғау және ботаникалық бақтардың биоәртүрлілікті сақтаудағы рөлі.

     

    КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ  ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ 

     

    Конференция Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет сарайының, кіші залында өткізіледі.

    09 желтоқсан 2026 ж., сағат 09:00- дан бастап конференцияға қатысушыларды қарсы алып, орналастыру.

    Конференцияның жұмысы 09 желтоқсан сағат 10:00 де басталады. Тілдері: қазақ, орыс, түрік, өзбек, қарақалпақ, ағылшын.

     

    ӨТIНIШТЕРДI ТIРКЕУ ЖӘНЕ БАЯНДАМАЛАРДЫ БЕРУ

     

    Конференцияның ашылуына баяндамалар жинақ түрінде басып шығарылады. Қатысу үшін өтiнiш және баяндама тезистерi 2026 жылдың  20 қарашаға дейін  yergaliuly.yernur2026@ayu.edu.kz поштасы арқылы қабылданады.

     

    1. Баяндама мәтіні А4 форматында 5 беттен аспауы керек, RTF форматында MS WORD мәтіндік редакторында дайындалуы тиіс. Формулалар Microsof Equation формула редакторында, суреттер *.jpg немесе *.gif форматында ұсынылуы керек.
    2. Бет параметрлері: барлық өрістер- 2,5см. Қаріп: Times New Roman, KZ Times New Roman (өлшемі-12), жоларалық интервал: бәрлік. Жоғары сол бұрышта ӘОЖ көрсетіледі.
    3. Келесі жолдың ортасында авторлардың аты-жөні бас әріптермен, жартылай қалың қаріппен теріледі. Бір аралықтан кейін жолдың ортасына бас әріппен жартылай қалың шрифтпен баяндаманың тақырыбы теріліп жазылады. Бір аралықтан кейін жолдың ортасына бас әріппен автордың жұмыстың орындаған мекеме атауы, қаласы, елі (көлбеу қаріппен қысқартусыз) теріліп жазылады.
    4. Бір аралықтан кейін мақаланың жазылу тілдерінде андатпа жазылады (қаріп өлшемі-10). Бір аралықтан кейін кілттік сөздер (5-6 сөз), бір аралықтан кейін азат жолдан  бастап баяндаманың мәтіні теріліп, жазылады. Пайдаланған әдебиеттер тізімі қойылған сілтеме бойынша мақаланың соңында ретімен теріліп жазылады. Автор (авторлар) жайлы мәлімет: толығымен аты-жөні, жұмыс орны (мекеменің атауы, ЖОО- ның атауы толық және қысқартылған түрде), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орнының телефоны, e-mail жазылады. Баяндама файлдың атауы аты-жөні және қатысушының аты-жөнінің әріптерімен мазмұндалуы тиіс. Мысалы: Aslanov. Doc

    Өтініштерді қабылдау, баяндамалар, жарияланымдар, сұрақтары бойынша келесі мекен-жайға хабарласуыңызға болады: ҚР,Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов даңғылы 29, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Биология кафедрасы 2 қабат, каб.229 (Байланыс телефондары: +7 777 118 7232,  (whatsApp, Ернур).

     

    Конференция материалдары PDF форматында жинақ болып

    шығады.

     

     

                              ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫ

     

    Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру шығыны (конференцияның материалдары жинағы) тегін. 

     

    ҰЙЫМДАСТЫРУ  КОМИТЕТІ

     

    МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ МЫСАЛЫ

     

    ӘОЖ XXX.YYY

    (жарияланым тіліне байланысты)

    МАҚАЛАНЫҢ АТАУЫ

     

    АВТОРДЫҢ АТЫ-ЖӨНІ1, АВТОРДЫҢ АТЫ- ЖӨНІ2

     

    1Университет, қаласы

    2Университет, қаласы

     

    Андатпа

    Түйінді  сөздер:

     

    Мақаланың  мазмұны

    Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

             Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

    Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

    Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

              Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

    Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

    Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

              Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

    Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

    Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

              Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

     

     

    Әдебиеттер тізімі

     

    1. Автор А.А. Кітаптың атауы.- Қала: Баспа, Жыл.-бет саны
    2. Автор Б.Б., Автор С.С. Мақаланың атауы// Журнал атауы. – Жыл. № Нөмір – Беттер
    3. Автор Д.Д. Дереккөз  атауы. - URL: http://www.example.com (Қаралған күні: Күн.Айы.Жыл).