Хабарландыру! Университетімізде (ТТЕ) мемлекеттік грант пен Түркия квотасы негізінде оқуға қабылдау жұмыстары басталды.
ХАБАРЛАНДЫРУ!
2025-2026 оқу жылына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Дайындық орталығына «Түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтардан келген тыңдаушыларды» Қазақстан Республикасы тарапынан бөлінетін (ТТЕ) мемлекеттік грант пен Түркия квотасы негізінде оқуға қабылдау жұмыстары басталды.
ТТЕ грант дегеніміз не?
-Түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтарға арналған арнайы грант. Қабылданған тыңдаушыларға Қазақстан мен Түркия Республикасы тарапынан шәкіртақы беріледі және жылына бір рет келіп-кету жолақы шығындары төленеді.
Құрметті талапкерлер (шетел азаматтары)!
Сіздер үшін 01.03.2025-07.07.2025 ж. аралығында онлайн түрінде құжаттар тапсыру сайты https://tteadmission.ayu.edu.kz/ ашық болатынын хабарлаймыз!
Сайтқа құжаттарыңызды толық және PDF форматында жүктеу қажет.
Ескерту: онлайн түрінде өтініш бермеген талапкерлердің құжаттары қабылданбайды.
Қабылдау ережесіне сілтеме: talapker.ayu.edu.kz сайтында таныса аласыз.
E-mail: tteadmission@ayu.edu.kz
Қажетті құжаттар:
- Төлқұжат
- Мектеп аттестаты / колледж дипломы
- Транскрипт
- Ұсыным хат
- Уәждемелік хат
- Соңғы алты ай ішінде түсірілген 1 дана сурет
Егер бар болса:
- Сертификат
- Алғыс хат
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
# 20. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды 