Кафедраларға меңгеруші лауазымына конкурс жариялайды
ХАБАРЛАНДЫРУ
1. 2025-2026 оқу жылына Қазақстан Республикасы,Түркістан қ., 29В Саттарханов даңғылы мекен-жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесі төмендегі кестеде көрсетілген кафедраларға меңгеруші лауазымына конкурс жариялайды.
ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті | ||||
Кафедра атауы | Қызметі | Штат бірлігі | ||
1 | Жалпы дәрігерлік практика №2 | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
2 | Неврология,психиатрия, наркология | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
3 | Хирургия және анестезиология-реанимация | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
4 | Акушерлік-гинекология | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
5 | Ішкі аурулар | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
6 | Жұқпалы аурулар және фтизиатрия | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
7 | Профилактикалық медицина және стоматологиялық пәндер | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
8 | Педиатрия | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
Медицина факультеті | ||||
1 | Хирургиялық аурулар | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
Экономика, басқару және құқық факультеті | ||||
1 | Менеджмент және туризм | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
2 | Экономика, қаржы және есеп | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
Спорт және өнер факультеті | ||||
1 | Бейнелеу өнері | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
2 | Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
Жаратылыстану ғылымдары | ||||
1 | Биология | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
2 | Физика | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
3 | Химия | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар факультеті | ||||
1 | Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
2 | Журналистика | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
3 | Тарих | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
Филология факультеті | ||||
1 | Педагогикалық шетел тілдері | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
2 | Жалпыакадемиялық ағылшын тілі | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
3 | Орыс тілі мен әдебиеті | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
4 | Ағылшын филологиясы және аударма ісі | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
Инженерия факультеті | ||||
1 | Компьютерлік инженерия | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
2 | Электр инженериясы | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
Теология факультеті | ||||
1 | Дінтану | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
2 | Теология | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
3 | Философия | Кафедра меңгерушісі | 1,0 | |
Біліктілік талаптары:
-Кафедра меңгерушісі лауазымына үміткерлердің тиісті бейін бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе мамандық саласына сай ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы бар, өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін және ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуын растайтын құжаттың болуы, педагогикалық жұмыс өтілі 7 жыл болуы тиіс;
-ҚР Конститутциясын;
-ҚР «Білім туралы»
-ҚР «Ғылым туралы» заңын
-ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
-ҚР «Тіл туралы» заңын;
-ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативті-құқықтық актілерін;
-Білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін;
-Халықаралық ИСО 9001 стандартын және аккредиттеу талаптарын;
-Жоғары және кәсіби білім беру жалпы ережелерін,
-Оқу жоспарларын дайындау тәртібін;
-Студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін;
Біліктілік талаптарымен университеттің https://test.ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/pedagogikaly_biliktilik_035_2022.pdf сілтеме арқылы танысуға болады.
Қосымша деректер:
1.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2025 жылдың 06 маусымы, сағат 18.00-ге дейін Ректор атына еркін нысанда өтініш береді.
Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы 29В, Ректорат (103 бөлме)
Өзге қаладан конкурсқа тапсыратын үміткерлер құжаттарды ainur.baltenova@ayu.edu.kz электронды поштасына жіберуге болады.
Қосымша ақпаратты Кадр бөлімінің қызметкері Балтенова Айнур Рахымжановна, 8707-903-97-29 телефонына хабарласып алуға болады.
Өтінішке қоса мына құжаттар тізімі беріледі:
Университет қызметкерлері:
- Түйіндеме;
- Қайта даярлау және біліктілігі арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
- Ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі(соңғы үш жыл)
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- Кафедраның дамуының жолдары, даму бағыттары туралы презентация.
Сырттан келген үміткерлер үшін құжаттар тізбесі:
1) Кадрларды есепке алу жөніндегі іс парағы;
2)Түйіндеме
3) Өмірбаян;
4) Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалар;
5) Қайта даярлау және біліктілігі арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері;
6) Ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі(соңғы үш жыл)
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10)Кафедраның дамуының жолдары, даму бағыттары туралы презентация.
Ескерту:
- Жоғарыдағы белгіленген тізімге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбау және өтініштер мен құжаттарды берудің белгіленген мерзімдерін бұзу үміткерді Конкурсқа қатыстырмау үшін негіз болып табылады.
- Конкурс оффлайн форматта өтеді.