Постдокторантура бағдарламасы негізінде конкурс өткізу туралы хабарландыру
Хабарландыру!!!
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті академиялық 3 жыл мерзімге постдокторантура бағдарламасы негізінде конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Постдокторантура бағдарламасына (2 орын) үміткерлер конкурстық комиссияға келесідей құжаттарды ұсынуы тиіс:
1. Белгіленген нысан бойынша постдокторантура бағдарламасына үміткердің өтінімі (1-қосымша);
2. Жеке куәлігінің көшірмесі;
3. Кеңейтілген кәсіби түйіндеме – ғылыми паспорт (2-қосымша);
4. Жобаға қатысу үшін қажетті нақты дағдыларды, жұмыс тәжірибесін ашатын уәждемелік хат (1000 белгіден артық емес);
5. Зерттеу қызметі мен жарияланымдарына арналған жеке жұмыс жоспары (3-қосымша);
6. Web of Science және Scopus базаларындағы соңғы 5 жыл аралығында индекстелетін журналдардағы жарияланымдар тізімі;
7. Ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі туралы дипломның көшірмесі. Ағылшын тіліндегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліндегі расталған аудармасымен болуы тиіс;
8. IELTS немесе TOEFL сертификаты (IELTS сертификаты 6.0 балдан төмен емес / TOEFL сертификаты 90 балдан төмен емес, ҚР және ТМД азаматтары үшін);
9.Тиісті саладағы ғалым-зерттеушілерден жұмыс беруші ұйымның қолдарымен және мөрімен расталған екі ұсыныс (егер мұндай мүмкіндік болса).
10.Медициналық кітапша, флюрография;
11.ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
12.Психоневрологиялық ұйымда еспке тұрмайтыны туралы анықтама;
13.Наркологиялық ұйымда есепте тұрмайтыны туралы анықтама.
Өтініш беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты - 2025
жылдың 15 тамыз сағат 18:00-ге дейін. Барлық құжаттар электронды түрде (сканерленген түрде) мына мекен-жайға жіберіледі postdoc@ayu.edu.kz немесе төмендегі мекен-жай бойынша қабылданады.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29, ректорат ғимараты, №401 (ішкі) бөлме, байланыс тел.: +7 (72533) 6-36-36 ішкі 16-12; e-mail: postdoc@ayu.edu.kz
Ескерту: Құжаттардың толық пакетінің болмауы ізденушіні конкурстан шығаруға негіз болуы мүмкін. Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды. Конкурстық комиссияның отырысы қосымша
хабарланады.
Постдокторантура бағдарламасына үміткерлерге қойылатын талаптар:
1. Ғылыми дәрежесі – ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор немесе оған теңестірілген ғылыми дәреженің болуы, сондай-ақ постдокторантура бағдарламасына қабылдану сәтінде диссертациясын қорғағанына 6 (алты) жылдан аспаған болуы тиіс;
2. Жасы – 40 (қырық) жасқа дейінгі Қазақстан Республикасы азаматтары немесе шетел азаматтары;
3. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі – IELTS сертификаты бойынша 6.0 балдан, немесе TOEFL сертификаты бойынша 90 балдан төмен емес көрсеткіш (Қазақстан Республикасы және ТМД елдерінің азаматтары үшін);
4. Ғылыми жарияланымдар – соңғы 3 (үш) жыл ішінде Web of Science (Q1, Q2 квартильдер) немесе Scopus (пайыздық көрсеткіші кемінде 75) библиометриялық базаларына кіретін халықаралық рецензияланатын журналдарда кемінде 3 (үш) ғылыми жарияланымның болуы;
5. Ғылыми қызмет тәжірибесі – гранттық, бағдарламалық-мақсатты және өзге де келісімшарттық қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми бағдарламаларға қатысу тәжірибесінің болуы.
Постдокторантура бағдарламасынан өту ережелері
1. Постдокторантура бағдарламасының мерзімі – 3 (үш) жыл. Қорытынды аттестаттау нәтижелеріне байланысты, университет Сенаты мәжілісінің оң шешімі болған жағдайда, бағдарлама мерзімін 5 (бес) жылға дейін ұзартуға жол беріледі.
2. Постдокторант ғылыми кеңесшінің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады. Ғылыми кеңесшілер постдокторант қабылданған күннен бастап бір ай ішінде факультеттердің немесе ҒЗИ/ҒЗО-лардың ұсынысы негізінде университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.
3. Ғылыми кеңесші постдокторанттың жеке жұмыс жоспарын әзірлеуге және бекітуге қатысады, сондай-ақ оның ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді.
4. Постдокторантурадан өту мерзімі ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі ретінде есептеледі.
5. Постдокторантураны аяқтаудың негізгі критерийі – қорытынды аттестаттау талаптарына сәйкес ғылыми жарияланымдардың болуы.
6. Постдокторант педагогикалық қызметпен айналысуға құқылы. Бұл ретте оқу жүктемесінің көлемі 0,5 штаттық бірліктен аспауы тиіс. Постдокторанттың оқу жүктемесіне 5 ECTS-тен аспайтын бір пән (әдетте магистратура немесе докторантураның оқу жоспары пәні), сондай-ақ дипломдық жұмыстарға және ғылыми зерттеу бағыты бойынша кемінде 1 докторлық және (немесе) 2 магистрлік диссертацияларға ғылыми жетекшілік ету кіреді.
7. Постдокторанттар университеттің бюджеттен тыс қаражаты есебінен белгіленген тәртіппен ай сайынғы шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.
8. Постдокторанттар қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге және Ғылым және стратегиялық даму жөніндегі вице-ректордың келісімімен ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысуға құқылы.
9. Постдокторанттар университеттің зертханалық жабдықтарына, әлемдік ақпараттық ресурстарға және кітапхана қорларына тегін әрі шектеусіз қолжетімділікке ие болады.