Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.
1.Шаруашылық департаменті
№ | Қызмет атауы | Штат бірлігі |
1 | Төсек орын беруші (№,3 жатақхана,уақытша орын) | 1,0 ш.б. |
2 | Аула сыпырушы (№,3 жатақхана) | 1,0 ш.б. |
- Арнайы орта және жоғары білімі бар, еңбек өтіліне шек қойылмайды (Төсек орын берушіге)
- Орта немесе кәсіби орта білімі, еңбек өтіліне шек қойылмайды, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігін білуі шарт.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) түйіндеме;
2) Білім туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
4) наркологиялық ұйымнан анықтама;
5) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Қосымша деректер:
- Комиссия хатшысы Кадр бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур, электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны: 8701-326-27-79
- Бос лауазым конкурсы 5 күнтізбелік күнге жарияланады.
- Құжаттарды қабылдау беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы
күні мен уақыты: 2025 жылдың 19 тамыз, сағат 18-00 дейін.
ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/wp-content/uploads/2024/01/aup.ahch-konkurs-erezhesi-2023.pdf сайтында танысуға болады.