• image image image image
  • shape
    shape

    Хабарландырулар

    Студенттік асхана конкурс жариялайды

    2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.

    1.Студенттік асхана 

                Қызмет атауы

       Штат бірлігі

    1

    Сервис қызметкері

    1,0 ш.б.

    2

    Касса операторы (декреттік орын)

    1,0 ш.б.

    3

    Ыдыс жуушы

    1,0 ш.б.

    4

    Еден жуушы

    1,0 ш.б.

    5

    Даяршы(Декреттік орын)

    1,0 ш.б.

    - Касса операторы қызметіне кәсіби білімі бар осы салада 1 жыл еңбек өтілі болуы тиіс;

    -Даяршы қызметіне кәсіби білімі бар осы мамандықта 1 жылдан кем емес болуы тиіс;

     -Өрт қауіпсіздігі, санитарлық талаптардың орындалы тәртібін білу қажет;

    -Еңбек техникалық қауіпсіздігін сақтау ережелерін білуі тиіс;

    Қажетті құжаттар тізімі:

             1) түйіндеме;

    2) Білім туралы дипломдардың көшірмелері;

    3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;

    4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

    5) наркологиялық ұйымнан анықтама;

    6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    Қосымша деректер:

    1. Комиссия хатшысы  Кадр бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур,  электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны: 8701-326-27-79
    2. Бос лауазым конкурсы 5 күнтізбелік күнге жарияланады.
    3. Құжаттарды қабылдау беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы 

              күні мен уақыты: 2025 жылдың  15 қазан, сағат 18-00 дейін.

     

    ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.