Заң факультеті конкурс жариялайды
ХАБАРЛАНДЫРУ
- 2025-2026 оқу жылына Қазақстан Республикасы, Түркістан қ., 29В Саттарханов даңғылы мекен-жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесі кафедра меңгерушісі лауазымына конкурс жариялайды.
Заң Факультеті | |||
№ | Кафедра атауы | Қызметі | Штат бірлігі |
1 | Конституциялық және азаматтық құқық | Кафедра меңгерушісі | 1,0 |
2 | Қылмыстық құқық | Кафедра меңгерушісі | 1,0 |
Біліктілік талаптары:
-Кафедра меңгерушісі лауазымына үміткерлердің тиісті бейін бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін және ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуын растайтын құжаттың болуы, педагогикалық жұмыс өтілі 7 жыл болуы тиіс;
-ҚР Конститутциясын;
-ҚР «Білім туралы»
-ҚР «Ғылым туралы» заңын
-ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
-ҚР «Тіл туралы» заңын;
-ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативті-құқықтық актілерін;
-Білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін;
-Халықаралық ИСО 9001 стандартын және аккредиттеу талаптарын;
-Жоғары және кәсіби білім беру жалпы ережелерін,
-Оқу жоспарларын дайындау тәртібін;
-Студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін;
Біліктілік талаптарымен университеттің https://test.ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/pedagogikaly_biliktilik_035_2022.pdf сілтеме арқылы танысуға болады.
Қосымша деректер:
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2025 жылдың 24 қазаны, сағат 18.00-ге дейін Ректор атына еркін нысанда өтініш береді.
Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы 29В, Ректорат (103 бөлме)
Өзге қаладан конкурсқа тапсыратын үміткерлер құжаттарды aknur.kaldybayeva@ayu.edu.kz электронды поштасына жіберуге болады.
Қосымша ақпаратты Адам ресурстарын басқару бөлімінің қызметкері Калдыбаева Акнур Аймаханбетовна, 8701-326-27-79 телефонына хабарласып алуға болады.
Өтінішке қоса мына құжаттар тізімі беріледі:
Университет қызметкерлері:
- Кадрларды есепке алу жөніндегі іс парағы;
- Түйіндеме;
- Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалар;
- Қайта даярлау және біліктілігі арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері;
- Ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі(соңғы үш жыл)
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- Кафедраның дамуының жолдары, даму бағыттары туралы презентация.
Сырттан келген үміткерлер үшін құжаттар тізбесі:
- Кадрларды есепке алу жөніндегі іс парағы;
- Түйіндеме
3) Өмірбаян;
4) Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалар;
5) Қайта даярлау және біліктілігі арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері;
6) Ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі(соңғы үш жыл)
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Кафедраның дамуының жолдары, даму бағыттары туралы презентация.
Ескерту:
- Жоғарыдағы белгіленген тізімге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбау және өтініштер мен құжаттарды берудің белгіленген мерзімдерін бұзу үміткерді Конкурсқа қатыстырмау үшін негіз болып табылады.
- Конкурс оффлайн форматта өтеді.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 