Хабарландырулар

  • image image image image
  • shape
    shape

    Хабарландырулар

    Blog Image

    Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Стратегиялық даму,рейтинг және стандарттау орталығы конкурс жариялайды

    2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.

    1. Стратегиялық даму, рейтинг және стандарттау орталығы

            Бөлім атауы

           Қызмет атауы

       Штат бірлігі

    1

    Стратегиялық даму, рейтинг және стандарттау орталығы

    Бас сарапшы

    1,0 ш.б.

    2

    Стратегиялық даму, рейтинг және стандарттау орталығы

    Маман (декреттік орын)

    1,0 ш.б.

    1.-Жоғары оқу орнында жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмау керек;

    -Сапаны басқару жүйесі бойынша сертификатталған болуы шарт;

    -ISO 9001-2015 «Сапа менеджментінің жүйесі.Талаптар» стандартын білуі тиіс;

    -ISO37001-2016 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйелері. Талаптары мен қолдану жөніндегі нұсқаулық» стандартын білуі қажет;.

    2. Маман қызметіне жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі тиісті бейіні бойынша білімі және жоғары оқу орнының стратегиялық даму жүйесі мен рейтинг талаптарын білетін тұлға болуы тиіс.

     

    Қажетті құжаттар тізімі:

             1) түйіндеме;

    2) жоғары білім туралы дипломның, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

    3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;

    4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

    5) наркологиялық ұйымнан анықтама;

    6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    Қосымша деректер:

    1. Комиссия хатшысы Кадр бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур,  электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны:  8701-326-27-79
    2. Бос лауазым конкурсы 5 күнтізбелік күнге жарияланады.
    3. Құжаттарды қабылдау беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы 

              күні мен уақыты: 2026 жылдың  27 қаңтар, сағат 18-00 дейін.

     

    ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/wp-content/uploads/2024/01/aup.ahch-konkurs-erezhesi-2023.pdf сайтында танысуға болады.