Хабарландырулар

  • image image image image
  • shape
    shape

    Хабарландырулар

    Ақпараттық хат

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ 

    Қ.А.ЯСАУИ  АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

    ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

    ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

     

    «МЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУ, АБАЙТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

    Құрметті қазақ руханияты мен ғылымының өкілдері, көзіқарақты зиялы қауым мен абайтанушылар, ғылым жолындағы ізденушілер мен білім беру саласының қызметкерлері!

    Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2026 жылдың 04-05 сәуір күндері Түркістан кампусында «М.Мырзахметұлы және қазақ руханияты мен әдебиеттану, Абайтану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтетінін хабарлайды.

    Конференцияның мақсаты: қазақ руханияты мен әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілі, белгілі абайтанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының қазақ руханияты мен әдебиеттану, Абайтану саласындағы ғылыми мұрасын жүйелі де желілі түрде тұтас қамтып зерделеу, әсіресе оның Абайдағы өзіндік адамгершілік ілімді ізерлей зерттеп, мән-мазмұнын айқындап, желісі мен жүйесін жасап ғылыми айналымға енгізген тұғырлы тұжырымдарын қазіргі гуманитарлық білім беру мен зерттеу үдерісінде кеңінен насихаттау, жас ғалымдардың ғылыми ізденісін қолдау және ұлттық әдебиеттану, философия, әлеуметтік, тарих ғылымының дамуына үлес қосу.

    Мекемтастанушылардың ізденіс үстіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету, ғылыми тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу мен насихаттау және М.Мырзахметұлы еңбектерінің қазіргі және келешек зерттеушілер үшін маңыздылығын танытып, жастарды үздіксіз жалғасатын ғылыми ізденіске тарту.

    Конференцияның міндеті: М.Мырзахметұлының ғылыми еңбектеріндегі қазақ руханияты мен әдебиеттану ғылымына қарасты өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан талқылау, негізгі тұжырымдары мен идеяларын зерделеу; Абайдың ақындық кітапханасының зерттелу жайы және абайтану ғылымының даму кезеңдері мен бүгінгі бағыттарын саралау; Адамгершілік ілімінің Абайлық нұсқасы – Толық адам танымының төркіні мен оның ғылымда қалыптасып орнығуын зерделеу; Ұлт руханияты мен қазақ тілінің қазақ әдебиетінің, философия, әлеуметтік, тарих бағыттарының мәселелері. 

    Конференцияның негізгі бағыттары:

    • М. Мырзахметұлы ғылыми мұрасының ауқымы мен көлемі;
    • Қазақ руханияты мен әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері;
    • Абайтану ғылымының дамуы мен қазіргі жай-күйі;
    • Толық адам ілімінің қалыптасуы мен ғылымда орнығуы;
    • Тіл білімі ғылымы және құндылықтар парадигмасы
    • Философия, әлеуметтік, тарих бағыттарындағы ғылыми зерттеулер

     

    Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті және редакциялық комиссия конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау оларды жариялау құқығын өзінде қалдырады.

    Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, түрік, ағылшын, өзбек, қырғыз, тілдерін.

    Конференцияны өткізу: офлайн, онлайн (тікелей көрсетілім).

    Конференцияға қатысу үшін өтініш беру тәртібі

    Баяндамалар  ұйымдастыру алқасының мекен-жайына 2026 жылғы 23 наурызға дейін төмендегі көрсетілген электронды пошаталарына жіберілуі тиіс.

    Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы, 29. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.       

     Ұйымдастыру комитеті:   

    • Электронды пошталар: maksat.alipkhan@ayu.edu.kzToty.koshenova@ayu.edu.kz;  gulzhanat.abikhanova@ayu.edu,kz 
    • rano.supabekova@ayu.edu.kz
    • Алашбаев Ерлан Жорабекұлы, тел.: +7 771 348 38 79;
    • Исаева Жазира Исақызы, тел.: +7 702 342 57 77;
    • Әліпхан Мақсат, тел.: ++7-702-137-65-09;
    • Көшенова Тоты Иманқызы,: +7-778-292-87-77;
    • Абиханова Гүлжанат Дәуітбекқызы, тел.: +7 707 685 71 18;
    • Супабекова Рано Алиқызы, тел.: +7 701 303 22 70.      

    Материалдарды ресімдеу тәртібі

    Мақала мәтіні (10 беттен аспауы тиіс) WORD 6.0 (7.0) мәтіндік редакторында «Tіmes New Roman» шрифтімен (шрифт өлшемі – 14, аралық интервалы – 1, жол жиегі жоғары және төмен жағынан – 2,0 см, сол жағы — 3 см, оң жағы – 1,5 см, азат жол басындағы интервал стандартты (1.25 см) жазылуы тиіс. 

       Келесі жолдың ортасында мақаланың тақырыбы қою әріппен жазылады. 

          Бір жолдан кейін автордың аты-жөні толығымен жазылады. Келесі жолда ұйым, қала атауы, автордың электронды поштасы курсивпен жазылады. Негізгі мәтін бір жолдан кейін басталады. Мәтіндегі библиографиялық сілтемелер әр бетте төртбұрышты тік [1; 23] жақшаларда беріледі, олардың тізімі соңында мәтінде берілу ретімен ресімделеді. Беттер нөмірленбейді. Кесте мен суреттер мәтіннің ішінде беріледі, кестелердің жоғары жағында тақырыбы, ал суреттердің астыңғы жағында атауы болуы тиіс. Файл автордың тегі және аты-жөнімен аталғаны дұрыс.

     

     

     

    Мақаланы ресімдеу үлгісі

    МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ

    Авторлардың аты-жөні

     Жұмыс орны, ғылыми  атағы, қаласы 

                   Жұмыс орны, ғылыми атағы, қаласы, 123456@mail.ru

    Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін [1].

    Мәтін мәтән мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін [2].

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1

    2

     

    ІЗГІ НИЕТПЕН: ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ.

    Құрметті әріптестер, Сіздерді әдебиеттану, Абайтану ғылымының әлеуетін арттыруға арналған маңызды конференцияға белсенді қатысуға шақырамыз!