23-24 сәуір күндері Физика кафедрасы тарапынан «Білім берудегі ғылыми жаңалықтар: қазіргі зерттеулер мен болашақ мүмкіндіктер» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми конференциясы ұйымдастырылып отыр.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ
«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚТАР: ҚАЗІРГІ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Ақпараттық хат
2026 жылдың 23-24 сәуір күндері Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық түрік-қазақ университеті, Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Физика кафедрасы тарапынан «Білім берудегі ғылыми жаңалықтар: қазіргі зерттеулер мен болашақ мүмкіндіктер» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми конференциясы ұйымдастырылып отыр.
Конференцияның негізгі бағыттары:
- Жаратылыстану пәндерін оқытудағы заманауи ғылыми зерттеулер мен педагогикалық инновациялар;
- Білім берудегі цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктері;
- Мектеп–университет–өнеркәсіп серіктестігі жағдайында STEM білім берудің мәселелері;
- Білім алушылардың XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыру мен дамытудың заманауи тәсілдері;
- Мектеп пен университетте физика және астрономия білімінің даму тенденциялары;
Конференцияның тілі: қазақ, орыс, түрік, ағылшын.
Баяндамаларды халықаралық ғылыми конференцияның бағдарламасы мен жинағына енгізу үшін материалдарды 2026 жылғы 31 наурызға дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жіберу қажет. Материалдар талапқа сәйкес рәсімделіп, ұйымдастыру жарнасының төленгенін растайтын түбіртек пен тіркеу формасы қоса жіберілуі тиіс.
эл.пошта: yasawi_2026@ayu.edu.kz
Уәлихан Алмагүл: +77027235616
Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы 6000 теңгені құрайды, төлем АО «Народный Банк Казахстана» БИН 990440008043, ИИК: KZ436010291000010707, БИК: HSBKKZKX, Кбе 16 есеп шотына төлеу арқылы жүзеге асырылады. Түбiртекте конференцияға қатысушының аты-жөнi, конференцияға қатысу деп көрсетілуі керек.
Жинаққа ұсынылған мақалалар келесі талаптарға сай рәсімделуі қажет:
1. Баяндама мәтіні конференция тақырыбы мен бағыттарына сай және 5 беттен артық емес көлемде: міндетті түрде MS Word текст редакторында теріліп, баяндамасы бар файл автордың фамилиясымен аталуы қажет.
2. Бет форматы: А4, шрифт: Times New Roman, кегль – 12, жоғары және төменгі шегі - 2 см, оң шегі – 1 см, сол шегі – 3 см, жоларалық интервал – бір, азат жол шегінісі: 1,25.
3. Баяндама атауы басында жазылады: БАС ӘРІППЕН (ҚАЛЫҢ ШРИФТПЕН) жолдың ортасында, баяндаманың жоғары жағында.
4. Баяндаманың атауының астында ортасына кіші әріппен (қалың шрифтпен) автордың аты-жөні, тегі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) жазылады.
5. Келесі жолда автордың жұмыс орны, лауазымы көрсетіледі.
6. Бір интервалдан соң баяндаманың мәтіні орналасады (Баяндама мазмұны кіріспе, зерттеу әдістер, нәтижелер және талқылау, қорытынды, әдебиеттер тізімін қамтуы қажет).
7. Әдебиеттер мен деректер тізімі баяндаманың соңында орналасады және мәтінде кездесу реті бойынша құрастырылады. Сілтемелер тік жақшада нөмер түрінде тізім бойынша деректің бетін көрсетіп рәсімделеді [6, с. 2].
Ұйымдастыру комитетінің адресі: 161200, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов данғылы, 29. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 3-ғимарат (3 қабат, 301а каб.).
Өткізу орны, уақыты және форматы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов данғылы, 29. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Мәдениет сарайы, кіші зал.
Басталуы: 23.04.2026ж. сағат 10.00, офлайн/онлайн.
https://zoom.us/j/92343591179?pwd=DqUvbUrwkI9EDLXGgiEnBaS3d9z3V3.1
Идентификатор: 923 4359 1179
Код: 787807
«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚТАР: ҚАЗІРГІ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР» атты ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА тіркеу формасы
1 | Тегі, аты - жөні |
|
2 | Жұмыс орны, лауазымы (ұйымның атауы, адресі) |
|
3 | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы |
|
4 | E-mail |
|
5 | Телефон (кодпен бірге) |
|
6 | Баяндама атауы |
|
7 | Секция атауы |
|
8 | Қатысу форматы |
|
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Спорт факультеті конкурс жариялайды
Диссертациялық жұмысты алдын-ала қорғау
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Заң факультеті мен Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды 