• image image image image
  • shape
    shape

    Хабарландырулар

    Blog Image

    АВТОКӨЛІК БӨЛІМІНЕ БОС ОРЫН ЖАРИЯЛАНДЫ

    2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.

    1.Автокөлік бөліміне

                Қызмет атауы

       Штат бірлігі

    1

    Трактор жүргізуші

    2,0 ш.б.

    1.Орта немесе арнаулы орта білімі, 3 жылдан кем емес еңбек стажы болуы шарт.

    2. «В, С, Д, Е» санатты трактор-машинист куәлігі болуы тиіс

     

    Қажетті құжаттар тізімі:

            

     1) түйіндеме;

    2) Білім туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

    3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;

    4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

    5) наркологиялық ұйымнан анықтама;

    6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    Қосымша деректер:

    1. Комиссия хатшысы Адам ресурстарын басқару бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур,  электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны: 8701-326-27-79
    2. Бос лауазым конкурсы 5 күнтізбелік күнге жарияланады.
    3. Құжаттарды қабылдау беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы 

              күні мен уақыты: 2024 жылдың  05 сәуір, сағат 18-00 дейін.

     

    ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің  сайтында танысуға болады.