«ЯСАУИ ЖОЛЫ» СПЕКТАКЛІ САХНАЛАНДЫ
«Қазақ тілі – ғылым тілі: дәстүр және инновация» симпозиумы аясында Ахмет Ясауи университетінің студенттері Ортаазиялық философ, ислам уағызшысы, сопылық ақын Қожа Ахмет Ясауи жайлы – «Ясауи жолы» спектаклін қалың көрермен назарына ұсынды.
Спектакльдің актерлік құрамы – Актерлік өнер мамандығының 3-курс студенттері. Ал, қоюшы режиссері – ҚР Мәдениет саласының үздігі Мақсат Айтжанов.
Қожа Ахмет Ясауи – түркі халықтарының ортақ рухани діңгегі. Еңбектерін түркі тілінде жазып, түркілерге білім мен иманды, адамгершілік пен мейірімді өз тілдерінде уағыздаған ғұлама.
Ахметтің ауыр да азапты өмірін көрсеткен бұл драмада – әділеттілік пен зұлымдықты, білім мен надандықты, мейірім мен қатыгездікті күрестіре отырып, ұлы ойшылды тарихи тұлға еткен мінезі бейнеленеді.
Сондай-ақ, Ясауидің бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикметтің» жазылу тарихы, ақынның ауыр тағдыры және хан мен билердің әділетсіз шешімдерін өткір сынағаны көрсетілді. Қойылымда Қожа Ахмет Ясауидің Ислам әлемін тек араб тілінде емес, түркі тілінде тануға болатынын дәлелдеген, өз ілімін үйретіп, шәкірт тәрбиелеген ұстаздық бейнесі тереңінен баяндалады.
Спектакльдің соңғы сахнасы: «Қасиетті Яссы топырағы – келешекте білім мен ғылымның, мәдениет пен өнердің рухани ордасына айналады. Мен осыған сенемін!»,- деген Ахмет Ясауидің асқақ арманын жеткізген сөйлем жолдарымен аяқталды. Осы тұста, баба арманының орындалғанына айқын дәлел – түркі жұртына ортақ білім шаңырағына жиылған көрермен қауым тік тұрып, қошеметін аямады.
Қойылым соңында жас актерлерге ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан ықылас гүлі табысталды.
Көпшіліктің көзіне жас ұялатып, баба рухына тағы да тағзым етуіне сеп болған спектакльді көрермендер жоғары бағалады.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 