ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ МЕДИАНЫҢ БЕЙБІТШІЛІК МИССИЯСЫ: МАМАНДАР СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
«Жасанды интеллект дәуірінде медиа және бейбітшілік журналистикасы» атты дөңгелек үстел аясында қонақтар студенттермен кездесу өтті.
Белгілі медиа сарапшылар мен журналистер «Журналистика» кафедрасының студенттерімен басқосты.
Кездесуге қонақ ретінде ҚР Оқу-ағарту министрінің кеңесшісі Жайнагүл Төлеміс пен «Ана тілі» газетінің Бас редакторы Ерлан Жүніс, «Qyzylorda» телеарнасының басшысы Нұрбек Амиша, Өзбекстан әлем тілдері университетінің профессоры, New Media Education Center (NMEC) директоры Беруний Алимов, социолог, медиа сарапшы Әлібек Қисыбай мен жазушы, журналист, документалист Қанат Тілеухан қатысты.
Жиында сөз бастаған Өнер, медиа және дизайн факультетінің деканы Дархан Елжанов басқосуға келген спикерлерге алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.
Жиында журналистика саласына қатысты тың ақпараттар айтылды. Журналистердің жұмысына жасалатын кибербуллинг, деректі және көркем фильмдер дайындау, оған тақырыптар іздеудің негіздері айтылды. Сондай-ақ, салалық журналистиканың болашағы мен журналистің өз зерттеу саласын табуы сияқты өзге де маңызды мәселелер қозғалды.
Спикерлер болашақ журналистерді қызықтырған сауалдарға жауап беріп, тәжірибелерін бөлісті.
Сонымен қатар, Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Орталық Азия кеңсесінің басшысы Абдунаим Сейдмұхаммед пен Конфессияаралық және діндарлық диалогтың халықаралық орталығының , дінтану сараптамасы департаментінің директоры Эльмира Бірәлі «Дінтану» кафедрасында оқытушылары және студенттерімен кездесті.
Жиында Абдунаим Сейдмұхаммед бүгінгі дөңгелек үстел туралы баяндап, студенттердің сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
Эльмира Бірәлі «Жасанды интеллектінің діни контентті сараптаудағы мүмкіндігі және медиадағы бейбітшілік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында баяндама оқыды.
Баяндамада VII съезд- диалог және бейбітшілік миссиясы, съездің медиадағы көрінісі, президентіміздің жасанды интеллект туралы стратегиялық ұстанымы, діннің медиакеңістікке көрінуі, Қазақстандағы дінтану сараптамасы және т.б. тақырыптар көтерілді.
Ақпараттық хат
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ясауитану ғылыми-зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Стоматология факультеті конкурс жариялайды
Университет жатақханаларында бос орындар бар екендігі туралы хабарлаймыз
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология және химия кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Яссы қонақ үйі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Лингвистикалық орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік униврситеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Ішкі қауіпсіздік департаменті,Шаруашылық департаменті, Кентау кампусы конкурс жариялайды
Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімі, Ғылымды дамыту бойынша жобалық кеңсе бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Стратегиялық даму,рейтинг және стандарттау орталығы конкурс жариялайды 