ЧАНАККАЛЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСІНЕ 109 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Бүгін университетімізде Түркия Республикасының Чанаккале теңіз соғысындағы ұлы жеңіс күніне орай салтанатты кеш өтті. Биыл Түркия Республикасы тарихында алтын әріппен қалған ұлы жеңіс күніне – 109 жыл толды.
Тағзым шарасы дәстүр бойынша отан қорғау жолында шейіт болған құрбандар мен Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған қаһарман күрескерлерді бір минут үнсіз еске алу рәсімімен басталды. Бұдан әрі Қазақстан мен Түркия Республикаларының әнұрандары айтылды.
Кешті ашып беру үшін алғашқы сөз тізгінін алған университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова бауырлас мемлекет Түркияны Чанаккале жеңісіне 109 жыл толуымен, сонымен қатар бүгінгі күнмен тұспа-тұс келген 18-наурыз - Ұлттық киім кию күнімен баршаны құттықтады.
«Бүгін біз Түркия Республикасы тарихында осыдан 109 жыл бұрын «Қаһармандық дастаны» ретінде жазылып қалған, Чанаккале шейіттерін еске алу үшін жиналдық.
Қай елдің болмасын тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу тарихындағы маңызды жетістіктері мен айтулы жеңістерін сыйлаған қаһармандарын еске алатын, бүгінгі күнімізге бағыт беретін іс-шаралар өткізу аса маңызды»,-деді Жанар Темірбекова.
Құттықтау сөз кезегін алған ректор өкілі Пейами Баттал, ең алдымен қазақ жұртын ұлттық киім кию күнімен құттықтады. Чанаккале жеңісінің тарихы мен маңызы жөнінде кеңінен баяндады. Бейбітшілікте күн кешкен ұрпақтың өткен тарихын ұмытпай, батырларының ерен еңбегін еске алудың маңызына да тоқталды.
Келесі кезекте, студенттердің «Соңғы түгендеу» театрлық қойылымы сахналанды. Сондай-ақ, мерекелік концертте таланатты білімгерлер түркі халықтарының ұлттық билерін биледі. Сахна төрінде қос мемлекеттің патриоттық әндері шырқалды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Подстанция және электр қуатын қадағалау бөлімі, Медицина факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық орталығы, Дінтану кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті даму және үйлестіру департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультеті, Дене мәдениеті, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығы, Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті, Тұран баспаханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорттық сауықтыру орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды 